Қазақстанда криптовалюта айырбастау пункттері ашылады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСтеллажи с фермами для майнинга криптовалют.
Стеллажи с фермами для майнинга криптовалют. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Жазылу
Қазақстандағы криптовалюта "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясында реттелген
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов криптовалюта айырбастау пункттерін ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерден криптовалюта айырбастау пункттерін ашуға 72 өтінім түскен. Бірақ барлығы банк туралы заңның қабылданғанын күтіп отыр. Ол құжатты күні кеше мәжіліс депутаттары сенаттың қарауына жіберіп қойды.

"Заң желтоқсанның соңына дейін қабылданады. Одан кейін нормативтік-құқықтық актілерді рәсімдеуге үш ай беріледі. Соның ішінде өтінім беру, қарау және лицензия беру шаралары бар. Ал криптовалюта айырбастау пунктері ашылғаннан кейін криптовалютаны емін-еркін айырбастауға болады, кәдімгідей долларды қалай айырбастаймыз, тура солай криптовалютаны айырбастауға мүмкіндік болады",-деді Шолпанқұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, криптовалюта айырбастау пункттеріне қатысты талаптар болады. Атап айтқанда, ақша айналымы банктер арқылы өтуі керек. Ал крипто әмиян халықаралық қаржы орталығында тіркелуі шарт.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстандағы криптовалюта "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясында реттелген. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында ол жақта криптоактивтердің жалпы айналымы 5,4 млрд долларды құрады. Ал жаңа заңмен криптовалютаны республика аумағында реттеу тетіктері енгізіледі.
Крупную майнинг-ферму накрыли под Оренбургом - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Майнерлер бюджетке қанша ақша төледі
Жаңалықтар
0