Майнерлер бюджетке қанша ақша төледі

Жазылу
Цифрлық активтер индустриясынан бюджетке шамамен 9 млрд теңге түскен
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі майнингтен бюджетке түскен қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті төрағасының орынбасары Мирас Зәкиевтің айтуынша алдыңғы жылы цифрлық активтер индустриясынан бюджетке шамамен 9 млрд теңге түскен. Ал былтыр 10,4 млрд теңге аударылды.
"Биыл бірінші жартыжылдықтың ішінде 77 млрд теңге түсті. Соған қарағанда цифрлық майнинг индустриясынан бюджеттік түсімдер өсіп келеді", - деді Зәкиев сенатта өткен жиында.
Айта кетері, қыркүйек айында ұлттық банк стейблкоинді айналымға шығарған болатын.
Қазақстанда криптовалютаға қатысты маңызды өзгерістер қабылданады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Қазақстанда криптовалютаға қатысты маңызды өзгерістер қабылданады
Жаңалықтар
0