Кредиттің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото
Знак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Кредиттердің мөлшерлемесі алғашқы жарнаның көлеміне байланысты болады
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттік пен Ұлттық банк келесі жылдың 1 шілдесіне дейін кредит мөлшерлемесін есептеудің жаңа әдістемесін енгізуге мүдделі.
"Жаңа әдістеме бойынша ипотеканың мөлшерлемесі алғашқы жарнаның көлеміне байланысты болады және сараланған мөлшерлеменің көлемі бекітіледі. Тұтынушылық кредиттер бойынша дәл сондай әдіс қолданылады", - деді Әбілқасымова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде тұтынушылық кредиттердің орташа мөлшерлемесі 35-36 процентті құрайды.
"Біздің ойымызша жаңа әдістеме мен бәсекелестіктің есебінен мөлшерлеме төмендеуге тиіс", - деп атап өтті агенттік басшысы.
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Ипотека қашан 20 процентке дейін төмендейді – агенттік басшысы жауап берді
Жаңалықтар
0