Учаскелік тірек пунктінен әйелдің мәйіті табылды: есін жиған полицей қызметтен босатылды

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПолиция қызметкері
Полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Ал полиция пунктінен өлі күйде табылған қызды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу әлі де жалғасып жатыр
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Қарағанды облысындағы полицияның учаскелік тірек пунктінде ес-түссіз табылған полицей қызметінен босатылды, деп хабарлайды облыстық ПД.
Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкері ауруханадан шыққан.
"Ауруханадан шығарылған бұрынғы учаскелік инспектор іс-әрекетіндегі теріс себептермен ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Ал полиция пунктінен өлі күйде табылған қызды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу әлі де жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, 1 қазанда Қарағандыда учаскелік полиция бөлімінен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері және әйелдің мәйіті табылды.
Оқиғадан 20 күн өткен соң осы Михайлов полиция бөлімінің басшысы мен орынбасары лауазымынан босатылды. Бұдан басқа, Қарағанды қаласы полиция басқармасының және облыстық полиция департаментінің бірқатар басшы қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Лайк баспағаны үшін қызметтен қуылды: Шымкент жастар орталығында жағдай қалай болған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
"Лайк баспағаны үшін қызметтен қуылды": Шымкент жастар орталығында жағдай қалай болған
Жаңалықтар
0