Қарағандыда учаскелік тірек пунктінен ес-түссіз жатқан полицей мен әйелдің мәйіті табылды

© Photo : polisia.kzПолиция формасы
Полиция формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Тергеу жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеру басталды
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қарағандыда учаскелік полиция бөлімінен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері және әйелдің мәйіті табылды.
Тәртіп сақшысы қазір комада жатыр.

"Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қосымша тексеру әлі жалғасып жатыр, ер адам комада жатыр", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Қарағанды ​​облысы травматологиялық қызметінің жағдай орталығы бөлім меңгерушісі Ксения Деревяшкина.

Полицияның тірек пунктінен әйелдің мәйіті табылу фактісі бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр.
Тергеу жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеру басталды.
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2025
Бір күн бұрын жұмыстан шығарылған полиция басшысы ұсталды
Жаңалықтар
0