https://sputnik.kz/20250423/layk-baspagany-ushin-qyzmetten-quyldy-shymkent-zhastar-ortalygynda-zhagday-qalay-bolgan--52766225.html
"Лайк баспағаны үшін қызметтен қуылды": Шымкент жастар орталығында жағдай қалай болған
"Лайк баспағаны үшін қызметтен қуылды": Шымкент жастар орталығында жағдай қалай болған
Sputnik Қазақстан
Орталық қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың лайк талап етіп, орынсыз жазалап жатқанына шағымданған 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T13:48+0500
2025-04-23T13:48+0500
2025-04-23T13:48+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Шымкенттегі жастар ресурстық орталығының қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың лайк талап етіп, орынсыз жазалап жатқанын айтып шағымданған болатын. Шымкенттегі орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте әкім орынбасары Сәрсен Құранбек оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жастар орталығы қызметкерлерінің айтуынша, олар орталықтың әлеуметтік желідегі жазбаларына лайк баспаса, жазбаша сөгіс, сондай-ақ ауызша ескерту алады екен. Ал қала әкімі Сәрсен Құранбек лайк-қа мұқтаж емеспіз дейді. "Лайк баспай сөгіс алдым" деген сөз шындыққа жанаспайды дейді Сәрсен Құранбек. "Орталықтағы психолог маман лайк үшін емес, жұмыс барысында жіберген қателігі бойынша сөгіс алған. Ол туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңнаманы дұрыс қолдану керектігі орталық басшысына ескертілді", - дейді қала әкімі. Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова бұл жағдайды естімегенін, естісе дер кезінде шара қолданатынын айтты.
https://sputnik.kz/20240928/kopbalaly-anany-4-sagatqa-suranyp-ketkeni-ushin-zhumystan-shygaryp-zhibergen-47416653.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
"Лайк баспағаны үшін қызметтен қуылды": Шымкент жастар орталығында жағдай қалай болған
Орталық қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың лайк талап етіп, орынсыз жазалап жатқанына шағымданған
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Шымкенттегі жастар ресурстық орталығының қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың лайк талап етіп, орынсыз жазалап жатқанын айтып шағымданған болатын. Шымкенттегі орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте әкім орынбасары Сәрсен Құранбек оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жастар орталығы қызметкерлерінің айтуынша, олар орталықтың әлеуметтік желідегі жазбаларына лайк баспаса, жазбаша сөгіс, сондай-ақ ауызша ескерту алады екен. Ал қала әкімі Сәрсен Құранбек лайк-қа мұқтаж емеспіз дейді.
"Біз лайк-қа мұқтаж емеспіз. Жастар ресурстық орталығының өзіндік жұмысы бар. Шымкентте 400 мыңға жуық жас болса, оның әлеуметтік аз қамтылған топтары бар. Соның барлығына жеткізу үшін осындай әрекетке барғаны анықталды. Орталық басшысына сөгіс жарияланды", - дейді қала әкімінің орынбасары.
"Лайк баспай сөгіс алдым" деген сөз шындыққа жанаспайды дейді Сәрсен Құранбек.
"Орталықтағы психолог маман лайк үшін емес, жұмыс барысында жіберген қателігі бойынша сөгіс алған. Ол туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңнаманы дұрыс қолдану керектігі орталық басшысына ескертілді", - дейді қала әкімі.
Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова бұл жағдайды естімегенін, естісе дер кезінде шара қолданатынын айтты.
"Жастар орталығы басшысының қызметкерлерден лайк талап еткені рас. Бірақ бұл екі маман арасындағы кикілжің. Өзара шешілетін мәселеге бола орталық басшысын қызметінен босату менің ұстанымыма жатпайды. Орталық басшысы бұл оқиғаға қатысты кешірім сұрап, өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған", - дейді Айгерім Жұмағұлова.