Фонограммаға тыйым салатын заң мәжіліске қайтарылды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Жазылу
Сенат депутаттары заңға қатысты өз ескертуін жариялады
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Сенат депутаттары мәдениет заңнамасына енгізілетін өзгерістерді мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң талаптарына сәйкес, ауқымды мәдени-бұқаралық шаралар кезінде шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға фонограмманы пайдалануға тыйым салынады. Ал телевизиялық түсірілім және тағы басқа ауқымды мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге арналмаған жерлерде фонограмманы пайдалануға болады.
Мәдениет вице-министрі Айбек Сыдықовтың айтуынша, 200 адамнан артық адам жиналған концерт ауқымды мәдени-бұқаралық шара болып саналады.
"Ондай жерде фонограмманы пайдалануға тыйым салынады", - деді Сыдықов журналистерге берген сұхбатында.
Бүгін сенат депутаттары осы заңға қатысты өз ескертуін жариялады. Атап айтқанда, фонограммаға қатысты жаңа талабын концерттің алдында фонограмма туралы ескерту туралы қазіргі нормамен сәйкестендіру керек. Осыған байланысты заң жобасы мәжіліске қайтарылды. Одан кейін осы құжат бірден президенттің қол қоюына жіберіледі.
Айта кетері, бұған дейін мәжіліс депутаттары фонограмманы толығымен тыйым салуға кім және неге қарсы болғанын айтқан болатын. Ал Қазбек Иса фонограмманы жоюды бір ғана әнші қолдағанын айтты.
Домбра, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Фонограммаға қарсы шыққан жалғыз әнші кім
Жаңалықтар
0