https://sputnik.kz/20250226/fonogrammaga-qatysty-talaptar-zanmen-bekitiledi-51167506.html
Фонограммаға қатысты талаптар заңмен бекітіледі
Фонограммаға қатысты талаптар заңмен бекітіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 ақпан– Sputnik. Мәжіліс депутаттары мәдениет заңнамасына енгізілетін өзгерістер аясында фонограммаға қатысты талапты күшейтуге мүдделі, деп... 26.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-26T11:25+0500
2025-02-26T11:25+0500
2025-02-26T11:33+0500
фонограмма
https://sputnik.kz/img/929/32/9293280_0:113:1920:1193_1920x0_80_0_0_efd0196a6ee2b892af065e1972ee216a.jpg
АСТАНА, 26 ақпан– Sputnik. Мәжіліс депутаттары мәдениет заңнамасына енгізілетін өзгерістер аясында фонограммаға қатысты талапты күшейтуге мүдделі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Мақсат Толықбаевтың айтуынша, бүгінде концерт ұйымдастырушылары фонограмманың болатынын алдын ала хабарлауға міндетті.Министрлік өңірлерде техникалық құралдар 70 процентке тозған дейді. Сосын жанды дауысты жүргізе алатын дыбыс режиссерлері тапшы. Сол себепті фонограммаға толығымен тыйым салу мүмкін емес."Жарайды делік, біз мынандай механизмді ұсындық. “Концерт залы техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілсе, фонограмманы пайдалануға тыйым салынады” дедік. Бірақ бұл норма да өтпеді", - деп атап өтті Толықбаев.Депутаттың айтуынша, адам фонограмманы көліктен де, үйден де тыңдай алады. Ал концерт үшін ақша төлеп, фонограмманы тыңдаған дұрыс емес.Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов 11 наурызда фонограммаға қатысты ұсыныстар кеңінен қаралатынын айтты. Осы отырысқа шоу-бизнес пен мәдениет өкілдері де шақырылады. Осылайша, екінші оқылымға дейін барлығы бір шешімге келуі керек. Ал фонограмма туралы хабарлау ережемен емес, заңмен бекітіледі. Сонда ол орындалатын болады."Бізде заңға тәуелді актіде фонограмма туралы алдын ала ескерту ережесі бар. Бірақ ол жұмыс істемей отыр. Оны бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан депутататтар осы норманы заңнамалық акті ретінде ұсынып отыр. Біз оны қолдаймыз. Егер ол заңға енгізілетін болса, онда жұмыс істеді. Осы жағынан депутаттардың ұсынысын қолдаймыз”, - деп түйіндеді Сыдықов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/929/32/9293280_1:0:1920:1439_1920x0_80_0_0_2cad4784bf7fa336a1d3475d44ae6872.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фонограмма
АСТАНА, 26 ақпан– Sputnik. Мәжіліс депутаттары мәдениет заңнамасына енгізілетін өзгерістер аясында фонограммаға қатысты талапты күшейтуге мүдделі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Мақсат Толықбаевтың айтуынша, бүгінде концерт ұйымдастырушылары фонограмманың болатынын алдын ала хабарлауға міндетті.
"Иә, әнші аузын жыбырлатып, фонограммамен ән айтады деп хабарлауға міндетті. Бірақ ол ереже мүлдем жұмыс істемейді. Сондықтан біз бұл заң жобасына фонограмманы пайдалануға тыйым салуға бағытталған түзетулер енгізуді ұсындық. Бірақ министрлік оны қолдап отырған жоқ", - деді Толықбаев мәжілістің жалпы отырысында.
Министрлік өңірлерде техникалық құралдар 70 процентке тозған дейді. Сосын жанды дауысты жүргізе алатын дыбыс режиссерлері тапшы. Сол себепті фонограммаға толығымен тыйым салу мүмкін емес.
"Жарайды делік, біз мынандай механизмді ұсындық. “Концерт залы техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілсе, фонограмманы пайдалануға тыйым салынады” дедік. Бірақ бұл норма да өтпеді", - деп атап өтті Толықбаев.
Депутаттың айтуынша, адам фонограмманы көліктен де, үйден де тыңдай алады. Ал концерт үшін ақша төлеп, фонограмманы тыңдаған дұрыс емес.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов 11 наурызда фонограммаға қатысты ұсыныстар кеңінен қаралатынын айтты. Осы отырысқа шоу-бизнес пен мәдениет өкілдері де шақырылады. Осылайша, екінші оқылымға дейін барлығы бір шешімге келуі керек. Ал фонограмма туралы хабарлау ережемен емес, заңмен бекітіледі. Сонда ол орындалатын болады.
"Бізде заңға тәуелді актіде фонограмма туралы алдын ала ескерту ережесі бар. Бірақ ол жұмыс істемей отыр. Оны бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан депутататтар осы норманы заңнамалық акті ретінде ұсынып отыр. Біз оны қолдаймыз. Егер ол заңға енгізілетін болса, онда жұмыс істеді. Осы жағынан депутаттардың ұсынысын қолдаймыз”, - деп түйіндеді Сыдықов.