Фонограммаға қарсы шыққан жалғыз әнші кім

© Sputnik / Абзал КалиевДомбра, архивное фото
Домбра, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Қазбек Иса бір ғана әнші фонограммаға қарсы болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде төменгі палатада мәдениет заңнамасына енгізілетін өзгерістер талқыланып жатыр. Соның ішінде фонограмма мәселесі де бар.
Депутат Қазбек Исаның айтуынша, бұған дейін жұмыс тобының талқылауына әншілер де келген. Бірақ көбісі фонограммаға тыйым салуды қолдамаған.
"Өткенде жұмыс тобына бір топ әнші келді. Барлығы фонограмманы тоқтатуға болмайды дейді. Қазақтың дарынды әншісі Ерлан Рысқали ғана фонограмманы тоқтату керек, құрту керек деп айтты. Біз осы заңмен фонограмма мәселесіне нүкте қоюымыз керек", - деді Иса мәжілістің бүгінгі отырысында.
Осы орайда депутат "айта-айта Алтайды, Жамал апайды қартайды" деген тіркестің қайдан шыққанына тоқталды.
"Сол Жамал апаймыздың өзі халықтың таланты, фонограммамен әнді ешуақытта айтқан емес", - деп атап көрсетті Иса.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қытай, Түрікменстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда фонограммаға тыйым салынған.
Концерт - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Қырғызстанда министрлік әртістерге фонограммамен ән айтуға тыйым салды
Жаңалықтар
0