ҰҚШҰ Бас хатшысы Тасмағамбетов ТМД Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары алдында сөз сөйледі

© Photo : Telegram-канал ОДКБМәскеудегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының 13-ші кездесуі
Мәскеудегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының 13-ші кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Тасмағамбетов Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық ұйымдар - ШЫҰ, ТМД және ҰҚШҰ - ымыра арқылы тиімдірек болады деп санайды
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің айтуынша, бірлескен терроризмге қарсы жаттығулар мен есірткі таралуына қарсы субаймақтық операциялар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері арасындағы ынтымақтастықтың дамуын көрсетеді.
Ол Мәскеуде өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының 13-ші кездесуінде сөз сөйледі.
Тасмағамбетов кездесу БҰҰ-ның 80 жылдығы және Ұлы Жеңістің тарихи мерейтойы жылында өтіп жатқанын айтты.

"Кеңес Одағының, сондай-ақ Гитлерге қарсы коалицияның басқа елдерінің миллиондаған азаматтарының теңдессіз ерлігі мен өмірінің құнымен қол жеткізілген нацизмнің жеңілісі болашақта осындай жаһандық апаттардың қайталануына жол бермеуге бағытталған халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасының негізін қалады", - деді Тасмағамбетов.

ҰҚШҰ елдерінің әскері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Қырғызстанда ҰҚШҰ-ның "Шекара-2025" оқу-жаттығулары басталды
Ол дегенмен Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығы халықаралық жағдай жаһандық және аймақтық деңгейдегі қақтығыстың күшеюімен сипатталып отырғанын айтты. Тасмағамбетов өз сөзіне дәлел ретінде Укрианадағы қақтығысты, Ресейге салынған санкцияларды, АҚШ, Еуропа елдері мен олардың одақтастары Киевті қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатқанын айтты.
"Қақтығыс аймағынан тыс жерлердегі аумақтар үшін апатты салдарға әкелуі мүмкін атом электр станцияларындағы қауіпті жағдайлардың да белең алғаны байқалады", - деп мәлімдеді ҰҚШҰ бас хатшысы.
Тасмағамбетов әскери мақсаттарда жасанды интеллектті пайдаланудың жылдам кеңеюін, адамның араласуынсыз құрлықтағы, әуедегі, теңіздегі және су астындағы нысаналарға соққы бере алатын автономды қару жүйелерінің жаппай өндірісін, интернетті ішкі саяси тұрақтылықты бұзу үшін белсенді пайдалануды және әскери-ғарыштық қызметтің күшеюін де күрделі қауіп ретінде атады.
Осы орайда ұйымның бас хатшысы ҰҚШҰ қандай шаралар қабылдап жатқанына тоқталды.
"2025 жылы "Жалдамалы әскер-2025" деп аталатын терроризмге қарсы шаралар кешені сәтті жүзеге асырылды. Оның мақсаты - ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын террористік әрекеттерге қатысуға тарту және елден шығару арналарын жабу", - деді Тасмағамбетов.
Сонымен қатар, ұйым аясында "Арна" есірткіге қарсы операциясы жүзеге асырылуып жатыр.
Учения стран ОДКБ Рубеж-2025 в Кыргызстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2025
Қырғызстанда ҰҚШҰ-ның "Шекара-2025" оқу-жаттығулары аяқталды
"Арна-Тау бекеті" және "Арна-Батыс Двина" субаймақтық операциялары мамыр және қыркүйек айларында Қырғызстан мен Беларусьте өткізілді.
"Қылмыскерлерден 6 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді", - деп атап өтті Тасмағамбетов.
Ол ҰҚШҰ осы мәселелер бойынша Қытай, Иран және Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ, ШЫҰ, ТМД және ЕАТ өкілдерімен ынтымақтасып жатқанын қосты.
Орталық Азиядағы жағдай туралы айта келе, Тасмағамбетов ұйымға мүше мемлекеттермен шекаралас Ауғанстандағы қиын жағдайды еске алды.
"Бұл елдің саяси тұрақтылық пен өркендеуге жету үшін әлі де ұзақ жол жүруі керек. Оның қауіпсіздігі, табысты мемлекет құруы және әлеуметтік-экономикалық дамуы ҰҚШҰ мүшелерін қоса алғанда, барлық көршілерінің мүддесіне сай келеді", - деді ол.
Сондықтан ұйым үшін 2024 жылдың қарашасында ҰҚШҰ мемлекет басшылары бекіткен тәжік-ауған шекарасын нығайту бағдарламасын жүзеге асыру маңызды.
"Жақында ғана Қазақстан Республикасында ҰҚШҰ ҰҚШҰ арнайы күштерінің бөлімшелерімен жаттығу аяқталды. Арнайы операция барысында осы ұжымдық қауіпсіздік аймағында қалыптасқан әскери-саяси жағдайдың аясында заңсыз қарулы топтарды бейтараптандыру пысықталды", - деп бөлісті Тасмағамбетов.
Ол ұйым аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына уәде берді және ҰҚШҰ мен басқа да еуразиялық бірлестіктер бірлесіп тиімдірек жұмыс істейтінін мәлімдеді.
ҰҚШҰ Оқу-жаттығулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Тәжікстанда ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды
Жаңалықтар
0