Қырғызстанда ҰҚШҰ-ның "Шекара-2025" оқу-жаттығулары басталды

© Photo : Объединенный штаб ОДКБҰҚШҰ елдерінің әскері
ҰҚШҰ елдерінің әскері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Жазылу
Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің аумағына басып кірген заңсыз қарулы топтарды жою бойынша жедел әрекет ету топтарының жауынгерлік іс-қимылдарын дайындау және жүргізу тақырыбына арналады
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің "Шекара-2025" әскери оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталып жатыр, деп хабарлады Қырғызстан қорғаныс министрлігі.
"2025 жылдың 17-20 қыркүйегі аралығында Қырғыз Республикасы қорғаныс министрлігінің 20636 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығының аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жедел әрекет ету бойынша ұжымдық күштерінің "Шекара-2025" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді", - делінген хабарламада.
Қазақстан, Ресей және Тәжікстан контингенттерінің жеке құрамы мен әскери техникасы Ыстықкөл жағалауындағы Балықшы қаласына, анығырақ айтқанда оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтетін "Эдельвейс" полигонына келіп жетті.
Оқу-жаттығуларға 160-тан астам адамнан тұратын Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері тартылды.
2001 жылы құрылған Орталық Азия өңірінің Ұжымдық жедел әрекет ету әскерлерінің құрамына қарулы күштердің тұрақты әзірлігінің бөлімдері мен бөлімшелері кіреді.
Учения ОДКБ в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
"Өзара іс-қимыл – 2025" ҰҚШҰ жаттығуларының белсенді кезеңі қалай өтіп жатыр
Жаңалықтар
0