https://sputnik.kz/20250906/ozara-is-qimyl--2025-uqshu-zhattygularynyn-belsendi-kezeni-qalay-otip-zhatyr-56872434.html
"Өзара іс-қимыл – 2025" ҰҚШҰ жаттығуларының белсенді кезеңі қалай өтіп жатыр
"Өзара іс-қимыл – 2025" ҰҚШҰ жаттығуларының белсенді кезеңі қалай өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерлерінің контингенттері қатысуда. 06.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-06T17:18+0500
2025-09-06T17:18+0500
2025-09-06T17:18+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e9/09/06/56869075_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e81ad92d8966dee8d9e1c53be82194a1.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек - Sputnik. Беларусьте "Лосвидо" полигонында ҰҚШҰ-ның " Өзара іс-қимыл – 2025" оқу-жаттығуы өтіп жатыр.Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерлерінің контингенттері қатысуда.Сценарий бойынша Ұйымға мүше елдердің бірінде мемлекеттік төңкеріс пен кейін қарулы басқыншылық дайындалған. ҰҚШҰ-ның барлау қызметкерлері лагерьдің қай жерде орналасқанын және жаудың қанша әскері барын анықтап, ұжымдық күштер соққы беріп, лагерьге шабуыл жасады. Оқу-жаттығу бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, деп хабарлады ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.ҰҚШҰ-ның бірқатар жаттығуларына бірден екі полигон - "Лосвидо" және "Лепельский" қатысады. ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Андрей Сердюков бұған дейін мәлімдегендей, Беларусьте " Өзара іс-қимыл – 2025" ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен бірлескен оқу-жаттығу ұйым шеңберіндегі жедел және жауынгерлік даярлықтың негізгі іс-шарасы болады.Сондай-ақ қазан айының ортасында Тәжікстанда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық - 2025" атты бірлескен оқу-жаттығу жоспарланған. Тұңғыш рет бітімгершілік оқу-жаттығу шеңберінде "Кедергі-2025" РХҚ қорғаеыс және медициналық көмекті қамтамасыз етуді көздейтін арнайы оқу-жаттығу өткізіледі. Оның барысында Ұжымдық бітімгершілік күштердің мүддесі үшін биологиялық қатерлерді жою жөніндегі міндеттерді іс жүзінде пысықтау жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/06/56869075_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_4ce3cdddc675ffa64db9635671f22589.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
"Өзара іс-қимыл – 2025" ҰҚШҰ жаттығуларының белсенді кезеңі қалай өтіп жатыр
Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерлерінің контингенттері қатысуда.
АСТАНА, 6 қыркүйек - Sputnik. Беларусьте "Лосвидо" полигонында ҰҚШҰ-ның " Өзара іс-қимыл – 2025" оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерлерінің контингенттері қатысуда.
Сценарий бойынша Ұйымға мүше елдердің бірінде мемлекеттік төңкеріс пен кейін қарулы басқыншылық дайындалған. ҰҚШҰ-ның барлау қызметкерлері лагерьдің қай жерде орналасқанын және жаудың қанша әскері барын анықтап, ұжымдық күштер соққы беріп, лагерьге шабуыл жасады. Оқу-жаттығу бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, деп хабарлады ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
"Іс жүзінде 2004 жылдан бастап ұйымның жауапкершілік аймағында ҰҚШҰ жедел ден қою күштері тұрақты негізде түрлі тапсырмалары бар түрлі тақырыптарда жаттығулар өткізіп келеді. Бүгінгі оқу-жаттығулар Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының бүкіл бөлімшесінің үйлесімділігін тағы да көрсетті және бұл оқу-жаттығулардың тиімділігі ұжымдық күштердің одан әрі дамуына негіз болады деп айтуға болады", - деді Тасмағамбетов.
ҰҚШҰ-ның бірқатар жаттығуларына бірден екі полигон - "Лосвидо" және "Лепельский" қатысады. ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Андрей Сердюков бұған дейін мәлімдегендей, Беларусьте " Өзара іс-қимыл – 2025" ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен бірлескен оқу-жаттығу ұйым шеңберіндегі жедел және жауынгерлік даярлықтың негізгі іс-шарасы болады.
Сондай-ақ қазан айының ортасында Тәжікстанда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық - 2025" атты бірлескен оқу-жаттығу жоспарланған. Тұңғыш рет бітімгершілік оқу-жаттығу шеңберінде "Кедергі-2025" РХҚ қорғаеыс және медициналық көмекті қамтамасыз етуді көздейтін арнайы оқу-жаттығу өткізіледі. Оның барысында Ұжымдық бітімгершілік күштердің мүддесі үшін биологиялық қатерлерді жою жөніндегі міндеттерді іс жүзінде пысықтау жоспарланып отыр.