https://sputnik.kz/20251024/tazhikstanda-uqshu-kushterinin-birlesken-oqu-zhattygulary-ayaqtaldy-58184181.html
Тәжікстанда ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды
Тәжікстанда ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды
Sputnik Қазақстан
"Мызғымас бауырластық – 2025" бірлескен оқу-жаттығуларына барлығы 1 500 адам қатысты, 200 бірлік әскери және арнайы техника, 6 тікұшақ пен 20-дан астам... 24.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-24T16:21+0500
2025-10-24T16:21+0500
2025-10-24T16:23+0500
тәжікстан
ұқшұ
армия
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/18/58177716_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_88c059930b7348c4701d8b7d087511ce.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Тәжікстанның "Фахрабад" полигонында ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2025" бірлескен оқу-жаттығуларының соңғы кезеңдері аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бірлескен оқу-жаттығулар кезінде қазақстандық әскерилер шерумен жүріп өтті.Ал практикалық іс-қимыл кезінде бірлескен күштер бітімгерлік операцияны, атап айтқанда, оқ атуды тоқтату режимін бақылау мен бітім шарттарын сақтауды қамтамасыз ету шараларын өткізіп көрді."Бітімгерлер өздеріне жүктелген аймақта мобильді және жаяу патрульді ұйымдастырып, бақылау-өткізу пунктері, блок-бекеттер мен босқындарды қабылдау пунктерін күзетуді атқарды. Сондай-ақ, демилитаризацияланған аймақта және таулы учаскелерде қарулы бандалардың шартты шабуылына тойтарыс беру мен ұшқышсыз аппараттарды жою шараларын өткізіп көрді", - делінген ресми хабарламада.Ал ҰҚШҰ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштері, сондай-ақ, медициналық қамтамасыз ету құрылымдары биологиялық қауіп-қатердің көзін жою бойынша бірлескен шараларға қатысты. Олар үшін биологиялық қатерлерді жоюға арналған "Бөгет – 2025" арнайы оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.Бұдан бөлек, ҰҚШҰ-ның бірлескен күштері "Достастық–Антитеррор – 2025" оқу-жаттығулары аясында Як-40 ұшағында, әуежайда және әкімшілік ғимаратта терроризмге қарсы шартты операцияны өткізді.Жалпы, ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2025" бірлескен оқу-жаттығуларына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның әскери контингенттері, сондай-ақ, ҰҚШҰ хатшылығы мен бірлескен штабтың шұғыл топтары, барлығы 1 500 адам қатысты, 200 бірлік әскери және арнайы техника, 6 тікұшақ пен 20-дан астам ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.
https://sputnik.kz/20250906/ozara-is-qimyl--2025-uqshu-zhattygularynyn-belsendi-kezeni-qalay-otip-zhatyr-56872434.html
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/18/58177716_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3101416e60ee3f5d83cf1c9cab06bf66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәжікстан, ұқшұ, армия
Тәжікстанда ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды
16:21 24.10.2025 (жаңартылды: 16:23 24.10.2025) "Мызғымас бауырластық – 2025" бірлескен оқу-жаттығуларына барлығы 1 500 адам қатысты, 200 бірлік әскери және арнайы техника, 6 тікұшақ пен 20-дан астам ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Тәжікстанның "Фахрабад" полигонында ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2025" бірлескен оқу-жаттығуларының соңғы кезеңдері аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бірлескен оқу-жаттығулар кезінде қазақстандық әскерилер шерумен жүріп өтті.
Ал практикалық іс-қимыл кезінде бірлескен күштер бітімгерлік операцияны, атап айтқанда, оқ атуды тоқтату режимін бақылау мен бітім шарттарын сақтауды қамтамасыз ету шараларын өткізіп көрді.
"Бітімгерлер өздеріне жүктелген аймақта мобильді және жаяу патрульді ұйымдастырып, бақылау-өткізу пунктері, блок-бекеттер мен босқындарды қабылдау пунктерін күзетуді атқарды. Сондай-ақ, демилитаризацияланған аймақта және таулы учаскелерде қарулы бандалардың шартты шабуылына тойтарыс беру мен ұшқышсыз аппараттарды жою шараларын өткізіп көрді", - делінген ресми хабарламада.
Ал ҰҚШҰ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштері, сондай-ақ, медициналық қамтамасыз ету құрылымдары биологиялық қауіп-қатердің көзін жою бойынша бірлескен шараларға қатысты. Олар үшін биологиялық қатерлерді жоюға арналған "Бөгет – 2025" арнайы оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, ҰҚШҰ-ның бірлескен күштері "Достастық–Антитеррор – 2025" оқу-жаттығулары аясында Як-40 ұшағында, әуежайда және әкімшілік ғимаратта терроризмге қарсы шартты операцияны өткізді.
Жалпы, ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2025" бірлескен оқу-жаттығуларына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның әскери контингенттері, сондай-ақ, ҰҚШҰ хатшылығы мен бірлескен штабтың шұғыл топтары, барлығы 1 500 адам қатысты, 200 бірлік әскери және арнайы техника, 6 тікұшақ пен 20-дан астам ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.