Орынбор газ өңдеу зауыты газ қабылдауды қайта бастады

© Photo : ООО "Газпром переработка"Оренбургский газоперерабатывающий завод
Оренбургский газоперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Жазылу
Қарашығанақта отандық газ өңдеу зауытын салу – стратегиялық маңызға ие жоба
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Орынбор газ өңдеу зауыты газ қабылдауды қайта бастады, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Министрлік Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік процестер кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатқанын айтады.
"Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық кен орнынан шикі газ қабылдауды қайта бастады. Осыған байланысты жобаның операторы 19 қазандағы оқиғаға дейінгі штаттық деңгейге жету үшін газ өндіру көлемін біртіндеп арттыруда", - дейді ведомство.
Министрліктің мәліметінше, шикізат қабылдауды уақытша тоқтату және өндірудің қысқаруы елдің ішкі нарығын газбен қамтуға кері әсер еткен жоқ. Қазақстандық тұтынушылар алдындағы барлық міндеттеме толық орындалып жатыр.
"Сондай-ақ Қарашығанақта отандық газ өңдеу зауытын салу – стратегиялық маңызға ие жоба. Бұл жобаны "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта зауытты кен орнының қолданыстағы инфрақұрылымына қосу бойынша техникалық параметрлер келісілуде", - дейді министрлік мамандары.
Еске сала кетейік, 19 қазанда "Газпром" компаниясы Орынбор газ өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалғанын хабарлады. Соның салдарынан Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдау уақытша тоқтатылды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қазақстан шикізатын өндіруге қалай әсер еткенін айтқан болатын. Оның мәліметінше, сұйық көмірсутектер бойынша шектеу 8,5-9 мың тоннаға жеткен.
"Үш күннің ішінде ол шектеулерді алып тастайды деп сенеміз", -деген болатын Ақкенженов.
газдандыру - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Орынбор зауытына жасалған шабуыл Қазақстан экономикасына қалай әсер етті
Жаңалықтар
0