https://sputnik.kz/20251019/orynbor-gaz-ondeu-zauytyna-shabuyl-zhasaldy--qazaqstan-shikizatyn-qabyldau-toqtatyldy--58035303.html
Орынбор газ өңдеу зауытына шабуыл жасалды – Қазақстан шикізатын қабылдау тоқтатылды
Орынбор газ өңдеу зауытына шабуыл жасалды – Қазақстан шикізатын қабылдау тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның газбен қамтамасыз етілуі зардап шеккен жоқ, деп хабарлады энергетика министрлігі 19.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-19T14:24+0500
2025-10-19T14:24+0500
2025-10-19T14:31+0500
газ
https://sputnik.kz/img/1177/08/11770860_0:160:3074:1889_1920x0_80_0_0_4b30ec2c222d3848e3bfaabd769031a9.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуылдан кейін Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлады."Газпром" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, бүгін Орынбор газ өңдеу зауытына ұшқышсыз әуе аппаратымен шабуыл жасалды. Соның салдарынан Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдау уақытша тоқтатылды.Сондай-ақ шабуылдың Қарашығанақ шикізатын өңдеуге және мұнай өндіруге ықтимал әсері кен пайдаланушыларымен бірге қаралады. Шығындар есептеледі. Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыста.
https://sputnik.kz/20241125/qazaqstan-ukimeti-men-gazprom-qarashyganaq-boyynsha-kelisim-zhasady-48794237.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1177/08/11770860_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_07f084f83d91589ff921d8c869b32369.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
Орынбор газ өңдеу зауытына шабуыл жасалды – Қазақстан шикізатын қабылдау тоқтатылды
14:24 19.10.2025 (жаңартылды: 14:31 19.10.2025) Қазақстанның газбен қамтамасыз етілуі зардап шеккен жоқ, деп хабарлады энергетика министрлігі
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуылдан кейін Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
"Газпром" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, бүгін Орынбор газ өңдеу зауытына ұшқышсыз әуе аппаратымен шабуыл жасалды. Соның салдарынан Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдау уақытша тоқтатылды.
"Зауыттың зақымдану сипаты мен жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша ақпарат ресейлік тараптан әлі берілген жоқ. Қазақстанның газбен қамтамасыз етілуі зардап шеккен жоқ. Газ ішкі тұтынушыларға қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жеткізілуде", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ шабуылдың Қарашығанақ шикізатын өңдеуге және мұнай өндіруге ықтимал әсері кен пайдаланушыларымен бірге қаралады. Шығындар есептеледі. Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыста.