https://sputnik.kz/20251021/orynbor-zauytyna-zhasalgan-shabuyl-qazaqstan-ekonomikasyna-qalay-aser-etti-58085369.html
Орынбор зауытына жасалған шабуыл Қазақстан экономикасына қалай әсер етті
Орынбор зауытына жасалған шабуыл Қазақстан экономикасына қалай әсер етті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қазақстан шикізатын өндіруге қалай әсер еткенін... 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T12:10+0500
2025-10-21T12:10+0500
2025-10-21T12:10+0500
газ құбыры
газ
қазақстан
дрон
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53487750_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_4314b3100a0d3f622ad41a09ec09af62.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қазақстан шикізатын өндіруге қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орынбор зауытына дронмен шабуыл жасалғаннан кейін қазақстандық шикізатты қабылдауға шектеу енгізілді.Оның сөзіне қарағанда, сол кезде Қарашығанақта шикізат өндіру көлемі де қайта қалпына келеді. Дегенмен зауытқа жасалған шабуыл Қазақстанға экономикалық тұрғыда кері әсерін тигізіп отыр.Бүгінде Қарашығанақтан шыққан шикізатты Орынбор газ зауытында өңдеуден басқа жол жоқ. Осыған байланысты зауытты кен орнының өзінде салу мәселесі пысықталып жатыр.Айта кетері, 19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытына ұшқышсыз әуе аппаратымен шабуыл жасалған болатын. Соның салдарынан Қарашығанақ кен орнынан газ қабылдау уақытша тоқтатылды. Бүгінде Орынбор газ өңдеу зауытында жылына қазақстандық газдың 9 млрд текше метрі өңделеді.
https://sputnik.kz/20251019/orynbor-gaz-ondeu-zauytyna-shabuyl-zhasaldy--qazaqstan-shikizatyn-qabyldau-toqtatyldy--58035303.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53487750_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_e0089fef3762e4d9cface041e3e59ec4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ құбыры, газ, қазақстан, дрон
газ құбыры, газ, қазақстан, дрон
Орынбор зауытына жасалған шабуыл Қазақстан экономикасына қалай әсер етті
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қазақстан шикізатын өндіруге қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орынбор зауытына дронмен шабуыл жасалғаннан кейін қазақстандық шикізатты қабылдауға шектеу енгізілді.
"Қазіргі кезде сұйық көмірсутектер бойынша шектеу 8,5-9 мың тоннаны құрап отыр. Жақын арада үш күннің ішінде ол шектеулерді алып тастайды деп сенеміз", - деді министр журналистерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, сол кезде Қарашығанақта шикізат өндіру көлемі де қайта қалпына келеді. Дегенмен зауытқа жасалған шабуыл Қазақстанға экономикалық тұрғыда кері әсерін тигізіп отыр.
"Енді 9 мың тонна көлемінде шектеу бар. Бұл дегеніміз, экспорттың қажетті көлемі жеткізілмей отыр. Оған қоса, Орынбор газ өңдеу зауытында қазақстандық газды қабылдау бойынша шектеу енгізілген. Біз оны Ресей Федерациясынан алып жатырмыз. Сондықтан экономикалық әсері бар", - деп атап өтті Ақкенженов.
Бүгінде Қарашығанақтан шыққан шикізатты Орынбор газ зауытында өңдеуден басқа жол жоқ. Осыған байланысты зауытты кен орнының өзінде салу мәселесі пысықталып жатыр.
Айта кетері, 19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытына ұшқышсыз әуе аппаратымен шабуыл жасалған болатын. Соның салдарынан Қарашығанақ кен орнынан газ қабылдау
уақытша тоқтатылды. Бүгінде Орынбор газ өңдеу зауытында жылына қазақстандық газдың 9 млрд текше метрі өңделеді.