https://sputnik.kz/20251019/ishimdikten-bas-tartqan-auylda-5-zhyldan-beri-birde-bir-qylmys-bolmagan-58036304.html
Ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс болмаған
Ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс болмаған
Sputnik Қазақстан
Профилактикалық жұмыстар өз уақытында жүргізіліп тұрады 19.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-19T16:03+0500
2025-10-19T16:03+0500
2025-10-19T16:05+0500
алматы
ішімдік
ауыл
https://sputnik.kz/img/old/1234/36/12343671_0:109:3254:1939_1920x0_80_0_0_e0912bdc246ddd10f4640df077d4ed3c.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Алматы облысында ішімдіктен бас тартқан ауылда бес жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24.kz арнасына сілтеме жасап.Балқаш ауданының Ақкөл ауылында бес жыл бұрын ақсақалдардың бастамасымен спирттік ішімдікті сатуға тыйым салынды. Тіпті, темекі де сатылмайды.Ішімдіктен бас тартқан елді мекенде бес жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Оны учаскелік инспектор Айдын Естемесов те растап отыр."Ауыл ақсақалдарымен және ауылдық округтің әкімімен бірге отырыстар болды. Ішімдіксіз ауыл деп қабылданды. Профилактикалық жұмыстар өз уақытында жүргізіліп тұрады", - дейді ол.Ал ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық қылмыс мас күйінде жасалады.Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов ішімдік сатуға қатысты қосымша шектеулер енгізуді ұсынған болатын.
https://sputnik.kz/20250927/qazaqstanda-2163-mlrd-tengege-alkogolsiz-susyn-shygaratyn-zauyt-salynady-57398862.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1234/36/12343671_262:0:2993:2048_1920x0_80_0_0_024a7d86187dd0c0d406f7794944930e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ішімдік, ауыл
Ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс болмаған
16:03 19.10.2025 (жаңартылды: 16:05 19.10.2025) Профилактикалық жұмыстар өз уақытында жүргізіліп тұрады
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Алматы облысында ішімдіктен бас тартқан ауылда бес жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
24.kz арнасына сілтеме жасап.
Балқаш ауданының Ақкөл ауылында бес жыл бұрын ақсақалдардың бастамасымен спирттік ішімдікті сатуға тыйым салынды. Тіпті, темекі де сатылмайды.
"Бұл барлық жағынан 100 пайызға дұрыс деп санаймын өз басым. Ауыл адамдары да, ауыл жастары да спортқа жақын. Ішімдіктен, темекіден жастарымыз аулақ", - дейді ауыл тұрғыны Әлішер Айдын.
Ішімдіктен бас тартқан елді мекенде бес жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Оны учаскелік инспектор Айдын Естемесов те растап отыр.
"Ауыл ақсақалдарымен және ауылдық округтің әкімімен бірге отырыстар болды. Ішімдіксіз ауыл деп қабылданды. Профилактикалық жұмыстар өз уақытында жүргізіліп тұрады", - дейді ол.
Ал ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық қылмыс мас күйінде жасалады.
Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов ішімдік сатуға қатысты қосымша шектеулер
енгізуді ұсынған болатын.