https://sputnik.kz/20251013/ishimdik-satuga-qatysty-qosymsha-shekteuler-engizilu-mumkin-57849639.html
Ішімдік сатуға қатысты қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін
Ішімдік сатуға қатысты қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын да шектейтін кез келді, дейді министр 13.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-13T11:03+0500
2025-10-13T11:03+0500
2025-10-13T11:16+0500
үкімет
ішімдік
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e4/08/16/14770275_0:0:3029:1705_1920x0_80_0_0_6b9745028715f2646d76e89e2bd833f7.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ішімдік сатуға қатысты қосымша шектеулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде жыл сайын мыңдаған қылмыс мас күйінде жасалады. Полиция болса, қоғамдық жерлерде ішімдік ішу фактілерін анықтап, мас күйінде жүрген адамдарды оқшаулайды. Ондай адамдарға ішімдік ішуге тыйым да салынады. Бірақ кәсіпкерлер пайданы қуып, уақыт пен жас шегіне қатысты шектеулерді бұза береді. Лицензиядан айырылудан да қорықпайды. Себебі оны басқа адамның атына ала салуға болады.Министрдің айтуынша, ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын да шектейтін кез келді. Себебі ондай жерлерде қылмыстар жиі жасалады. Адам өлімі де бар."Бүгінде кейбір мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды қолдамай отыр. Меніңше, бұл жерде алдымен халықтың өмірі мен денсаулығын ойлау керек", - деді Сәденов.Осы орайда министр ішімдіктен бас тартқан ауылдар тәжірибесін мысалға келтірді. Бүгінде ондай елді мекендердің саны үш есеге артты. Ал қылмыстар мүлдем тіркелмейді.
https://sputnik.kz/20250522/aleumettik-zhelide-alkogol-onimderin-zharnamalagan-damkhanalarga-ayyppul-salyndy-53765970.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/16/14770275_161:0:2890:2047_1920x0_80_0_0_8664378d98be59fe719ceef9546a11a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, ішімдік, министрлік
үкімет, ішімдік, министрлік
Ішімдік сатуға қатысты қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін
11:03 13.10.2025 (жаңартылды: 11:16 13.10.2025) Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын да шектейтін кез келді, дейді министр
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ішімдік сатуға қатысты қосымша шектеулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде жыл сайын мыңдаған қылмыс мас күйінде жасалады. Полиция болса, қоғамдық жерлерде ішімдік ішу фактілерін анықтап, мас күйінде жүрген адамдарды оқшаулайды. Ондай адамдарға ішімдік ішуге тыйым да салынады. Бірақ кәсіпкерлер пайданы қуып, уақыт пен жас шегіне қатысты шектеулерді бұза береді. Лицензиядан айырылудан да қорықпайды. Себебі оны басқа адамның атына ала салуға болады.
"Біз осы мәселені ведомствоаралық клмиссияның отырысында қарадық. Тиісті ұсыныстар енгізілді. Атап айтқанда, ішімдіктің бөлшек саудасын тек арнайы дүкендерге ғана беру керек. Бұдан бөлек, лицензия беру талаптарын күшейту қажет. Тіпті, шекті санын да енгізуге болады. Ал ішімдіктің онлайн саудасына тыйым салған жөн", - деді Сәденов бүгінгі үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын да шектейтін кез келді. Себебі ондай жерлерде қылмыстар жиі жасалады. Адам өлімі де бар.
"Бүгінде кейбір мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды қолдамай отыр. Меніңше, бұл жерде алдымен халықтың өмірі мен денсаулығын ойлау керек", - деді Сәденов.
Осы орайда министр ішімдіктен бас тартқан ауылдар тәжірибесін мысалға келтірді. Бүгінде ондай елді мекендердің саны үш есеге артты. Ал қылмыстар мүлдем тіркелмейді.