Әлеуметтік желіде алкоголь өнімдерін жарнамалаған дәмханаларға айыппұл салынды

© Photo : Pixabay / Стақандағы ішімдік
Стақандағы ішімдік - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
Қадағалау органы тиісті сауда орындарына 700 мың теңге айыппұл салған
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қарағанды ​​прокуратурасы Instagram* желісінде алкогольді ішімдіктерді жарнамалаған супермаркеттер мен дәмханаларға айыппұл салды, деп хабарлады аймақтық ведомствоның баспасөз қызметі.
Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер парақшаларында алкогольдік өнімдерді жарнамалау саласындағы заң бұзушылықтарды анықтады.
"Прокуратура Instagram, Facebook, Telegram және басқа да платформаларға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, ірі супермаркеттердің бірінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында алкогольді ішімдіктерді жеңілдікпен сатып алуды ұсынатын жазбалар үнемі жарияланып тұрған. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жауапты адамға айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Осындай заңбұзушылықтар дәмханалар мен мейрамханаларда да анықталды.
Тексерулердің қорытындысы бойынша салынған айыппұлдың жалпы сомасы 700 мың теңгеден асып, оның барлығы толығымен төленді.
*Ресейде Мета қызметі (Facebook және Instagram әлеуметтік желілері) экстремистік деп танылып, оларға тыйым салынған.
Ақмола облысында автогаз құю станциялары жауапкершілікке тартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Ақмола облысында автогаз құю станцияларына 1 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0