Ақмола облысында автогаз құю станцияларына 1 млн теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Тимур БатыршинАқмола облысында автогаз құю станциялары жауапкершілікке тартылды
Ақмола облысында автогаз құю станциялары жауапкершілікке тартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Департамент тексерілмеген өлшеу құралдарын қолдану заңнаманы бұзу және тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтіретінін айтады
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдегі сұйытылған газды жүзеге асыратын екі субъектіге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ведосмство.
Нәтижесінде екі объектіде сұйытылған газды өткізу кезінде сенімсіз өлшеу құралдарын пайдалану бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұл әрекеттер өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына қайшы келеді және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Аталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 1 061 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
"Облыс аумағында сұйытылған газды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 20-дан астам субъекті тіркелген. Барлығына қатысты профилактикалық бақылау жүргізілді. Барлық жағдайларда бұзушылықтар, оның ішінде міндетті метрологиялық тексерусіз өлшеу құралдарын пайдалану тіркелді. 22 субъект профилактикалық бақылау жоспарына енгізілді, олардың нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап беру шаралары қабылданды", - делінген хабарламада.
Департамент тексерілмеген өлшеу құралдарын қолдану заңнаманы бұзу және тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтіретінін еске салады.
Мұндай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтарға аумақтық техникалық реттеу және метрология органдарына жүгіну ұсынылады.
Цены на газ в Казахстане инфографика - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Инфографика
Елімізде 1 ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды – инфографика
Жаңалықтар
0