https://sputnik.kz/20250927/qazaqstanda-2163-mlrd-tengege-alkogolsiz-susyn-shygaratyn-zauyt-salynady-57398862.html
Қазақстанда 216,3 млрд теңгеге алкогольсіз сусын шығаратын зауыт салынады
Қазақстанда 216,3 млрд теңгеге алкогольсіз сусын шығаратын зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
Өндіріс 2025–2040 жылдар аралығында бюджетке 43,5 млрд теңгеден астам қосымша кіріс әкеледі 27.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-27T11:15+0500
2025-09-27T11:15+0500
2025-09-27T11:15+0500
сусын
энергетикалық сусын
зауыт
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30473833_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_176108d9a390673700d5362d1cd23622.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда алкогольсіз сусындар зауытының құрылысы басталады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алматы облысының Іле ауданында халықаралық стандарттарға сай озық технологиялармен жабдықталған заманауи өндірістік кешен салынады.Жоба отандық шикізат пен материалдарды пайдалану есебінен импортты алмастыруға және локализациялау деңгейін арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады, оның ішінде жұмыс күшінің кем дегенде 85%-ы Қазақстан азаматтары болады. Отандық кадрларды даярлау үшін арнайы оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламалары әзірленген.Өндіріс 2025–2040 жылдар аралығында бюджетке 43,5 млрд теңгеден астам қосымша кіріс әкеледі деп күтілуде.Энергия үнемдеу технологияларын енгізу, суды ұтымды пайдалану және басқа да экологиялық аспектілерге ерекше назар аударылады.
https://sputnik.kz/20250922/toqaev-pepsico-qory-direktorlar-kenesinin-toragasy-stiven-kikhony-qabyldady-57285195.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30473833_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c452db6ead30fde0daf0f8c1911448a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сусын, энергетикалық сусын, зауыт, үкімет
сусын, энергетикалық сусын, зауыт, үкімет
Қазақстанда 216,3 млрд теңгеге алкогольсіз сусын шығаратын зауыт салынады
Өндіріс 2025–2040 жылдар аралығында бюджетке 43,5 млрд теңгеден астам қосымша кіріс әкеледі
АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда алкогольсіз сусындар зауытының құрылысы басталады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының Іле ауданында халықаралық стандарттарға сай озық технологиялармен жабдықталған заманауи өндірістік кешен салынады.
"Инвестициялардың жалпы көлемі 216 млрд теңгеден асады, ал кәсіпорынның қуаты жылына 340 млн литр алкогольсіз сусындар шығаруға негізделген. Жаңа зауыттың іске қосылуы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібінің дамуына, сондай-ақ экспорттық әлеуеттің артуына ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Жоба отандық шикізат пен материалдарды пайдалану есебінен импортты алмастыруға және локализациялау деңгейін арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады, оның ішінде жұмыс күшінің кем дегенде 85%-ы Қазақстан азаматтары болады. Отандық кадрларды даярлау үшін арнайы оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламалары әзірленген.
Өндіріс 2025–2040 жылдар аралығында бюджетке 43,5 млрд теңгеден астам қосымша кіріс әкеледі деп күтілуде.
Энергия үнемдеу технологияларын енгізу, суды ұтымды пайдалану және басқа да экологиялық аспектілерге ерекше назар аударылады.