https://sputnik.kz/20250922/toqaev-pepsico-qory-direktorlar-kenesinin-toragasy-stiven-kikhony-qabyldady-57285195.html
Әлемге әйгілі PepsiCo бренді Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт салады
Әлемге әйгілі PepsiCo бренді Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт салады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады 22.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-22T18:16+0500
2025-09-22T18:16+0500
2025-09-22T18:18+0500
қасым-жомарт тоқаев
зауыт
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/16/57285282_0:78:1280:798_1920x0_80_0_0_5ce84c7047fa7a88d9c65197a0863a36.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады.Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар. Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті. Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo компаниясының орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы іске қосылуына барынша жағдай жасайтынын айтты.
https://sputnik.kz/20250425/uefa-qazaqstanmen-seriktestikti-kusheytedi-52841096.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/16/57285282_57:0:1224:875_1920x0_80_0_0_8c99800635bd2ff297f71d4ae4131574.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, зауыт, алматы
қасым-жомарт тоқаев, зауыт, алматы
Әлемге әйгілі PepsiCo бренді Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт салады
18:16 22.09.2025 (жаңартылды: 18:18 22.09.2025) Тоқаев PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады.
Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды.
Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар.
Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті.
"Стивен Кихоның айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Бұдан бөлек, шикізатты сақтау базасын кеңейтіп, картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ғылыми тәсілге жүгіну жоспарланып отыр", - деп жазды президентінің баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo компаниясының орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы іске қосылуына барынша жағдай жасайтынын айтты.