Римде Абай мүсіні орнатылады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Жазылу
Ал Астанадағы бір көшеге Италияның ұлы саяхатшысы Марко Полоның есімі берілді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Италия астанасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні орнатылады. Бұл туралы Ақордада Италия президентімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша, бүгін Астанадағы бір көшеге Италияның ұлы саяхатшысы Марко Полоның есімі берілді.

"Келесі жылы Италияда "Көшпенділер алтыны" көрмесі өткізілмек. Сондай-ақ, Неапольдегі көне Сан Карло театрында "Абай" операсын қою жоспарланған. Биыл Рим қаласында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні онатылады. Осы сәтті пайдалана отырып, игі бастамаға қолдау білдіргені үшін Италия халқына шынайы ризашылығымды жеткізгім келеді. Біз мұны қазақтың мәдени мұрасына көрсетілген құрмет пен шынайы достық пейілдің көрінісі деп қабылдаймыз. Осы тағылымыды шаралар халықтарымызды жақындата түсетіні сөзсіз", - деді Тоқаев.

Бүгін мемлекет басшысы Италия президентіне I дәрежелі "Достық" орденін де табыстады.
Ал Серджо Маттарелла Астанада Италияның мәдени орталығы ашылатынын жариялады. Ондай орталық Азияда аумағында алғаш рет ашылып отыр.
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Жаңалықтар
0