https://sputnik.kz/20250929/italiya-qazaqstanda-ortalyq-aziyadagy-algashqy-madeni-ortalygyn-ashady---serdzho-mattarella-57466876.html
Италия Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы мәдени орталығын ашады
Италия Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы мәдени орталығын ашады
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Марко Поло атындағы көше ашылатынын мәлімдеді 29.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-29T12:54+0500
2025-09-29T12:54+0500
2025-09-29T12:59+0500
қазақстан
италия
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1d/57466699_5:0:1276:715_1920x0_80_0_0_10476cd54b433af4cd6980975faacea1.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Астанада Италияның мәдени орталығы ашылады. Бұл туралы Ақордадағы келіссөздер кезінде Италия президенті Серджо Маттарелла мәдімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Италия президенті мәдени орталықтың ашылатынын хабарлады.Осы орайда ол Қазақстан басшысына да қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Марко Поло атындағы көше ашылатынын мәлімдеді. Маттарелла бұл бастаманы "екі жақты қарым-қатынастарды ары қарай дамытуға деген ниеттің көрінісі" деп атады.Италия президенті Қазақстанға алғашқы сапармен келіп отыр."Сіздің алғашқы сапарыңыз ынтымақтастығымыздың жаңа парағын ашатыны сөзсіз. Қазақстан мен Италия арасында тығыз ықпалдастық орнаған. Сіздің еліңізге құрметіміз ерекше. Өзара сауда дәйекті түрде дамуда. Біздің экономикалық байланыстарымыздың негізі берік. Түрлі саладағы қарым-қатынасымыз жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы ретінде екіжақты ықпалдастықты нығайтуға үлес қосуға әзірмін", – деді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20250929/toqaev-aqordada-italiya-prezidentin-qarsy-aldy-57459789.html
қазақстан
италия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1d/57466699_164:0:1117:715_1920x0_80_0_0_79f38f50bbca0cc20370bbd4af012c12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, италия, президент
қазақстан, италия, президент
Италия Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы мәдени орталығын ашады
12:54 29.09.2025 (жаңартылды: 12:59 29.09.2025) Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Марко Поло атындағы көше ашылатынын мәлімдеді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Астанада Италияның мәдени орталығы ашылады. Бұл туралы Ақордадағы келіссөздер кезінде Италия президенті Серджо Маттарелла мәдімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Италия президенті мәдени орталықтың ашылатынын хабарлады.
"Италия өзінің мәдени орталығын Астанада ашып жатыр. Бұл Орталық Азияда аумағындағы алғашқы орталық болмақ", - деді Маттарелла.
Осы орайда ол Қазақстан басшысына да қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Марко Поло атындағы көше ашылатынын мәлімдеді. Маттарелла бұл бастаманы "екі жақты қарым-қатынастарды ары қарай дамытуға деген ниеттің көрінісі" деп атады.
Италия президенті Қазақстанға алғашқы сапармен келіп отыр.
"Сіздің алғашқы сапарыңыз ынтымақтастығымыздың жаңа парағын ашатыны сөзсіз. Қазақстан мен Италия арасында тығыз ықпалдастық орнаған. Сіздің еліңізге құрметіміз ерекше. Өзара сауда дәйекті түрде дамуда. Біздің экономикалық байланыстарымыздың негізі берік. Түрлі саладағы қарым-қатынасымыз жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы ретінде екіжақты ықпалдастықты нығайтуға үлес қосуға әзірмін", – деді Тоқаев.