https://sputnik.kz/20241214/semeyde-shakarim-qudayberdiulynyn-eskertkishi-ashyldy-49296578.html
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Sputnik Қазақстан
Өнер туындысы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында қойылды 14.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-14T14:19+0500
2024-12-14T14:19+0500
2024-12-14T14:19+0500
шәкәрім құдайбердіұлы
ескерткіш
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0e/49295226_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_f525242d3c74d3083042fdf44b1c3ca4.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Семейде қаласында ойшыл, ақын, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіштің ұзындығы - тұғырымен қоса алғанда 7,7 метрді құрайды. Мүсіні қоладан құйылып, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Ескерткіш авторы Нұрбол Қалиев Шәкәрімнің данышпан бейнесін оң қолына кітап, сол қолына тасбих ұстату арқылы бейнелеп көрсеткен.Өнер туындысы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында қойылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев да құттықтау хатын жолдады.Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстанған. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде Абай идеяларын жалғастырушы реалистік дәстүрді қалыптастырды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0e/49295226_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_8c7c668491bd45c1106ea57ee0f4a20e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шәкәрім құдайбердіұлы, ескерткіш
шәкәрім құдайбердіұлы, ескерткіш
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Өнер туындысы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында қойылды
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Семейде қаласында ойшыл, ақын, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Абай облысының әкімдігіне
сілтеме жасап.
Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіштің ұзындығы - тұғырымен қоса алғанда 7,7 метрді құрайды. Мүсіні қоладан құйылып, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Ескерткіш авторы Нұрбол Қалиев Шәкәрімнің данышпан бейнесін оң қолына кітап, сол қолына тасбих ұстату арқылы бейнелеп көрсеткен.
Өнер туындысы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында қойылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев да құттықтау хатын жолдады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстанған. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде Абай идеяларын жалғастырушы реалистік дәстүрді қалыптастырды