https://sputnik.kz/20250924/qandastar-ushin-manyzdy-zan-mazhiliske-tusti-57337264.html
Қандастар үшін маңызды заң мәжіліске түсті
Қандастар үшін маңызды заң мәжіліске түсті
Sputnik Қазақстан
Келісім бір елден екінші елге көшкен жағдайда азаматтың жинақталған еңбек өтілін есептеуге мүмкіндік береді 24.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-24T15:18+0500
2025-09-24T15:18+0500
2025-09-24T15:21+0500
мәжіліс
депутат
қандастар
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0f/18137514_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_46c6c32c92400dea22199bdf3f852b41.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялайтын заңды жұмысқа алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауды көздейді.Айта кетері, бүгінде Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтардың саны жағынан Моңғолия екінші орында тұр.
https://sputnik.kz/20250529/qazaqstanga-qandastar-qay-elden-kop-keldi-54048296.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0f/18137514_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_e178bd143b486b77f6ce92c5e45ccca1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, депутат, қандастар
мәжіліс, депутат, қандастар
Қандастар үшін маңызды заң мәжіліске түсті
15:18 24.09.2025 (жаңартылды: 15:21 24.09.2025) Келісім бір елден екінші елге көшкен жағдайда азаматтың жинақталған еңбек өтілін есептеуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялайтын заңды жұмысқа алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауды көздейді.
"Бұл келісім бір елден екінші елге көшкен жағдайда азаматтың жинақталған еңбек өтілін есептеуге мүмкіндік береді. Оған қоса, азамат бір елден екінші елге қоныс аударса, оның зейнетақы қорында жиналған қаражаты сол елдегі қорға ауыстырылады", - деді Аймағамбетов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгінде Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтардың саны жағынан
Моңғолия екінші орында тұр.