Қазақстанға қандастар қай елден көп келді

Қандастар - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
1 мамырдағы жағдай бойынша 4 427 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төрт айда қандас мәртебесін алған азаматтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басым бөлігі екі елден келді

1 мамырдағы жағдай бойынша 4 427 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Олардың басым бөлігі Қытай (45,8%) мен Өзбекстаннан (40,9%) келген. Ал Түрікменстан (5,4%), Монғолия (3%) мен Ресейден (2,3%) көшіп келген қандастар көп емес.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың саны 59,7 процентті құрайды. 31,9 проценті еңбекке қабілетті жастан кіші болса, 8,4 проценті – зейнеткерлер.
"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде 17,4%-ы жоғары білімді, 26,8%-ы орта кәсіби білімді, 53,6%-ы жалпы орта білімді, ал 2,2%-ында білім жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Қандастарға қандай көмек беріледі

Қазақстанға қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Бірақ еңбек күші тапшы өңірлер бар. Олар: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. 2025 жылға қоныстандыру өңірлерінде қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды.
Оларға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде;
тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерді үшін бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Бұдан бөлек, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Оған сәйкес, тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз ақы беріледі.
Айта кетері, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ көшіп келді.
Жыл басынан бері 2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жыл басынан бері 2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жаңалықтар
0