Үш айдың ішінде Қазақстанға 5000-ға жуық адам көшіп келген

Көшіп келгендердің 84,1% -і ТМД елдерінің азаматтары
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 маусым - Sputnik. 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтар саны 4 923 адамды құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Ал елден кеткендер саны - 1 122 адам, көші-қон сальдосы оң - 3801 адам.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі - 68%.
"ТМД елдерінен қоныс аударып, ықтияр хат алған 4 137 адамның ішінде ең көбі Өзбекстаннан келген - 2 614 адам, Ресейден - 982 адам", - делінген хабарламада.
Өзге елдерден биылғы алғашқы үш айда 783 адам келді. Олардың басым бөлігі:
Қытай - 427 адам;
Моңғолия - 129 адам;
Түркиядан 57 адам келген.
Келгендердің басым бөлігі Алматы (1 649 адам) және Маңғыстау облыстарына (764 адам), сондай-ақ Алматы қаласына (687 адам) қоныстанған.
Айта кетейік, келгендердің негізгі үлесі (61,7%) 20 мен 44 жас аралығындағы азаматтар.
70-тен астам мөр мен төлқұжат: полиция заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты