Ұлттық банк стейблкоинды шығару себебін түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневАқша мен пернетақта
Ақша мен пернетақта - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
Бір стейблкоинның құны - бір теңге
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк стейблкоинды не үшін шығарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бір стейблкоинның құны - бір теңге. Стейблкоинге басқа криптовалютаны сатып алуға және криптовалютаны қажет ететін сауда-саттық жасауға болады.

"Мысалы, алдымен стейблкоинды жобаға қатысушы банктен сатып аласыз. Одан кейін Intebix биржасында әмиян ашу қажет. Осылайша, мен криптотеңгемен биткоин және тағы басқа кез келген криптоактивті сатып ала аламын. Ал криптокартамен Қазақстан аумағында кез келген тауарды сатып алуға мүмкіндік бар", - деді Шолпанқұлов журналистерге берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, стейблкоинді трансшекаралық төлемдер кезінде және халықаралық аударымдар үшін пайдалануға болады. Ондайда көп комиссия алынбайды.
Бүгінде 10 млн теңгені стейблкоинге айналдыруға тапсырыс түскен.
"Бүгінде Еуропада стейблкоинмен кредит те беріледі. Жобаға қатысушы банктер тура солай өз қызметтерін ұсына алады. Мәселен, криптотеңгемен кредит беруге болады", - деді Шолпанқұлов.
Пилоттық жоба аясында стейблкоинды алдымен сынақтан өткізіп көреді. Одан кейін ғана халыққа жаппай ұсынатын болады.
Айта кетері, алғашқы қазақстандық стейблкоинды "EVO" (Evolution - эволюция) деп атады. Бүгін оны ресми түрде айналымға шығарды.
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек - Тоқаев
Жаңалықтар
0