Тарихи сәт: Ұлттық банк стейблкоинді айналымға шығарды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаҰлттық банк ғимараты
Ұлттық банк ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
Алғашқы қазақстандық стейблкоин "EVO" (Evolution - эволюция) деп аталады
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Қазақстанда стейблкоин ресми түрде айналымға шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, биыл цифрлық активтерге арналған жүйе іске қосылған болатын. Соның негізінде стейблкоин да айналымға шығарылып отыр.
"Стейблкоин теңгемен есептеледі. Онымен криптовалютаны айырбастауға болады. Сондай-ақ, криптокартаның көмегімен төлем жасауға мүмкіндік бар", - деді Сүлейменов банкте өткен ресми шарада.
Банк басшысының айтуынша, қазақстандық стейблкоин цифрлық активтерді өз елімізде шоғырландыруға жағдай жасайды.
Айта кетері, алғашқы қазақстандық стейблкоинді "EVO" (Evolution - эволюция) деп атады.
Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Smart city мен криптовалюта: Алатау елдегі толығымен цифрландырылған қалаға айналады
Жаңалықтар
0