https://sputnik.kz/20250916/auyl-sharuashylygyna-tsifrlyq-tekhnologiyany-tezdetip-engizu-kerek---toqaev-57107037.html
Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек - Тоқаев
Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Егін және мал шаруашылығындағы үдерістерді толық қадағалап отыру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану қажет, деді президент 16.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-16T14:39+0500
2025-09-16T14:39+0500
2025-09-16T14:48+0500
президент
ақмола облысы
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57106877_0:9:1280:729_1920x0_80_0_0_3594e406b690f829aba837a4b629639f.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы сапары барысында Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда.Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты.Президент Ақмола облысына егін жинау науқанының барысымен танысу үшін арнайы келгенін айтты.Президенттің айтуынша, биылғы 8 айда атқарылған жұмыстардың нәтижесі жаман емес. Өндірістің технологиялық әлеуетін арттыру үшін қолға алынған шаралар тиімділігін көрсетіп жатыр.Сонымен қатар президент мал шаруашылығының әлеуетін толық танытуға шақырды. Ол жыл соңына дейін мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленетінін еске салды."Біз тек жаппай цифрландыру арқылы экономиканың барлық саласында ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете аламыз. Мен бұл мәселеге жолдауда жан-жақты тоқталдым. Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек. Егін және мал шаруашылығындағы үдерістерді толық қадағалап отыру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану қажет. Бұл жұмысты ІТ-бизнеспен бірлесе отырып атқарған жөн", – деді президент.
https://sputnik.kz/20250915/toqaev-azamattardyn-zheke-derekterin-taratqandar-ushin-zhazany-kusheytudi-tapsyrdy-57080288.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57106877_149:0:1132:737_1920x0_80_0_0_e38f695436f2170a3df30e83d7dbab26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ақмола облысы, ауыл шаруашылығы
президент, ақмола облысы, ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек - Тоқаев
14:39 16.09.2025 (жаңартылды: 14:48 16.09.2025) Егін және мал шаруашылығындағы үдерістерді толық қадағалап отыру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану қажет, деді президент
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы сапары барысында Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты.
Президент Ақмола облысына егін жинау науқанының барысымен танысу үшін арнайы келгенін айтты.
"Астық жинау науқанын ойдағыдай жүзеге асырсақ, экспорттық әлеуетіміз де мықты болмақ, яғни шетелге мол өнім шығара аламыз. Былтыр елімізде ауыл шаруашылығы саласы үшін табысты жыл болды. Шаруалар табанды еңбек етіп, астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Осының бәрі агротехнологияны дұрыс қолданудың нәтижесі деуге болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, биылғы 8 айда атқарылған жұмыстардың нәтижесі жаман емес. Өндірістің технологиялық әлеуетін арттыру үшін қолға алынған шаралар тиімділігін көрсетіп жатыр.
Сонымен қатар президент мал шаруашылығының әлеуетін толық танытуға шақырды. Ол жыл соңына дейін мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленетінін еске салды.
"Біз тек жаппай цифрландыру арқылы экономиканың барлық саласында ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете аламыз. Мен бұл мәселеге жолдауда жан-жақты тоқталдым. Ауыл шаруашылығына цифрлық технологияны тездетіп енгізу керек. Егін және мал шаруашылығындағы үдерістерді толық қадағалап отыру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану қажет. Бұл жұмысты ІТ-бизнеспен бірлесе отырып атқарған жөн", – деді президент.