Маңғыстаудағы жол апаты: екі науқас Астанадағы клиникаға жеткізіледі

Операция бөлмесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2025
Жазылу
Олардың біріне полижарақат диагнозы қойылған, басқа пациенттің жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Дәрігерлер Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен екі әйелдің жағдайын тұрақтандырып, кейін Астанадағы ұлттық шұғыл медицина орталығының клиникасына жеткізеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Еске салайық, Маңғыстау облысындағы Бекет-ата – Шопан-ата автожолында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйел бір күн бұрын санитариялық авиация бортымен Жаңаөзеннен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.
"Ауыр жағдайдағы екі пациентті одан әрі емдеу бойынша бүгін министрліктің республикалық орталық мамандарының қатысуымен телемедициналық консультациялар өткізілді. Алдағы күндері оларды Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жатқызу ұсынылды", - деп жазылған хабарламада.
Олардың біріне полижарақат диагнозы қойылған, екі өкпесі де көгерген, бұл десатурация кезеңдерін тудырады және тасымалдауды қиындатуы мүмкін. Басқа пациенттің жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты, енді алаңдаушылық туғызбайды, дейді ведомстводағылар.
Апаттан зардап шеккен үшінші адам Жаңаөзен қаласының ауруханасында қалды, оның жағдайы тұрақты.
Еске сала кетейік, Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 10 адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша "Toyota Hiace" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Ішінде жолаушылар болған.
8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға бара жатқанда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Қылмыстық іс қозғалды.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Маңғыстаудағы жол апаты: өңірге Ұлттық ұланның арнайы борты жіберілді
Жаңалықтар
0