Маңғыстаудағы жол апаты: өңірге Ұлттық ұланның арнайы борты жіберілді

© Photo : РixabayЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық ұланның борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Жол апатынан қаза тапқандардың ішінде Қарағанды облысынан бес әйел және Астана қаласының бір тұрғыны бар. Олардың туыстары арнайы бортпен барып, мәйіттерді тану және басқа қажетті рәсімдерге қатысады. Ұшақ қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.
"Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, мәйіттерді тану рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды", - деді министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Патрульдік полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қайтыс болды
Жаңалықтар
0