https://sputnik.kz/20250911/mangystau-oblysynda-zhol-apatynan-10-adam-qaytys-boldy-56992481.html
Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қайтыс болды
Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды 11.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-11T20:23+0500
2025-09-11T20:23+0500
2025-09-11T20:23+0500
полиция
жол апаты
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/00/12/001271_0:128:2418:1488_1920x0_80_0_0_5164693cbc31193a96ebded505e4717d.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында ауыр жол апаты болып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Оқиға 11 қыркүйек күні Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған."Алдын ала мәліметтер бойынша, "Toyota Hiace" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған", - дейді ведомстводағылар.Жол апатынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр.
https://sputnik.kz/20250909/soltustik-qazaqstanda-politsiya-qyzmetkerleri-zhol-apatyna-tusti-56935766.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/00/12/001271_133:0:2285:1614_1920x0_80_0_0_71f83d41cf76332e815c5b6c108ceed3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, жол апаты, маңғыстау облысы
полиция, жол апаты, маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қайтыс болды
Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында ауыр жол апаты болып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 11 қыркүйек күні Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, "Toyota Hiace" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған", - дейді ведомстводағылар.
Жол апатынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр.