https://sputnik.kz/20250907/balasyn-urgan-ata-analar-turmege-togytyluy-mumkin--zan-talaptary-56880041.html
Баласын ұрған ата-аналар түрмеге тоғытылуы мүмкін – заң талаптары
Баласын ұрған ата-аналар түрмеге тоғытылуы мүмкін – заң талаптары
Sputnik Қазақстан
Баласын ұрған ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне ірі көлемде айыппұл салынады, я болмаса, түрмеге тоғытылуы мүмкін 07.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-07T10:14+0500
2025-09-07T10:14+0500
2025-09-07T10:14+0500
балалар
ата-ана
https://sputnik.kz/img/1034/66/10346622_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_f9885fdbabd6a84d912c4074ffadf794.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Осы айда бала тәрбиесіне қатысты заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұдан былай өз міндетін дұрыс орындамаған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Sputnik Қазақстан заңның негізгі талаптарын ұсынады.Бұрын қалай болды?Қылмыстық кодекстегі 140-бап аясында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты жаза қарастырылған. Соның ішінде баланың өмірі мен денсаулығына дұрыс қарамау, қатыгездік таныту, қараусыз қалдыру немесе заңсыз іске мәжбүрлеу сияқты әрекеттер бар. Бұған дейін баланы ұрғаны үшін көп жағдайда әкімшілік жаза қолданылатын. Атап айтқанда, 160 АЕК-ке (2025 жылда – 630 мың теңге) дейінгі айыппұл салынады немесе 40 тәулікке қамауға алынады.Мәселен, былтыр Павлодарда туған қызын ұрған әкеге қатысты әкімшілік іс қозғалған. Бірақ айыппұл да, қамауға алу жазасы да қолданылған жоқ. Ол кезде сот ер адамға қатысты кәмелетке толмағанның қауіпсіздігі мақсатында 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымын шығарған. Сондай-ақ ол профилактикалық есепке алынды. Заңға қандай өзгерістер енгізілді?16 қыркүйекте Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Оған сәйкес, баласын ұрған ата-аналар немесе заңды өкілдеріне ірі көлемде айыппұл салынады, я болмаса, түрмеге тоғытылуы мүмкін.Негізгі өзгерістер:Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстанда 600-ден астам адам ата-ана құқығынан айырылған. Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 6 мың ата-ана профилактикалық есепке қойылды.Айта кетері, 140-бапта баланың ата-анасынан бөлек педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауға мiндеттi басқа да мекеме жұмыскерінің жауапкершілігі де көрсетілген. Демек баланы ұрған тәрбиешілер де тура сондай жазаға тартылады.
https://sputnik.kz/20250416/qostanay-oblysynda-ayel-adam-bir-zharym-zhastagy-balasyn-uryp-soqqan-52550100.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1034/66/10346622_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_2729b575b40459186d8d9bb9935e425d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, ата-ана
Баласын ұрған ата-аналар түрмеге тоғытылуы мүмкін – заң талаптары
Баласын ұрған ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне ірі көлемде айыппұл салынады, я болмаса, түрмеге тоғытылуы мүмкін
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Осы айда бала тәрбиесіне қатысты заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұдан былай өз міндетін дұрыс орындамаған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Sputnik Қазақстан заңның негізгі талаптарын ұсынады.
Қылмыстық кодекстегі 140-бап аясында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты жаза қарастырылған. Соның ішінде баланың өмірі мен денсаулығына дұрыс қарамау, қатыгездік таныту, қараусыз қалдыру немесе заңсыз іске мәжбүрлеу сияқты әрекеттер бар. Бұған дейін баланы ұрғаны үшін көп жағдайда әкімшілік жаза қолданылатын. Атап айтқанда, 160 АЕК-ке (2025 жылда – 630 мың теңге) дейінгі айыппұл салынады немесе 40 тәулікке қамауға алынады.
Мәселен, былтыр Павлодарда туған қызын ұрған әкеге қатысты әкімшілік іс қозғалған. Бірақ айыппұл да, қамауға алу жазасы да қолданылған жоқ. Ол кезде сот ер адамға қатысты кәмелетке толмағанның қауіпсіздігі мақсатында 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымын шығарған. Сондай-ақ ол профилактикалық
есепке алынды. Заңға қандай өзгерістер енгізілді?
16 қыркүйекте Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Оған сәйкес, баласын ұрған ата-аналар немесе заңды өкілдеріне ірі көлемде айыппұл салынады, я болмаса, түрмеге тоғытылуы мүмкін.
айыппұлдың көлемі – 1 000 АЕК (2025 жылы 3 932 000 теңге);
600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмысқа тарту;
қатыгездік танытқаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
бірнеше балаға қатысты жасалған әрекет үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстанда 600-ден астам адам ата-ана құқығынан айырылған. Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 6 мың ата-ана профилактикалық есепке қойылды.
Айта кетері, 140-бапта баланың ата-анасынан бөлек педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауға мiндеттi басқа да мекеме жұмыскерінің жауапкершілігі де көрсетілген. Демек баланы ұрған тәрбиешілер де тура сондай жазаға тартылады.