https://sputnik.kz/20250416/qostanay-oblysynda-ayel-adam-bir-zharym-zhastagy-balasyn-uryp-soqqan-52550100.html
Қостанай облысында әйел адам бір жарым жастағы баласын ұрып-соққан
Қостанай облысында әйел адам бір жарым жастағы баласын ұрып-соққан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қостанай қаласында әйел адамның бір жарым жастағы өз баласына қатыгездікпен қарау фактісі анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура. 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T17:12+0500
2025-04-16T17:12+0500
2025-04-16T17:12+0500
прокуратура
ұрып-соғу
https://sputnik.kz/img/07e8/04/02/43378609_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_3fbbc989d59371a255ae2ed15daf79fc.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қостанай қаласында әйел адамның бір жарым жастағы өз баласына қатыгездікпен қарау фактісі анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.Баланы тексеру кезінде көптеген дене жарақаттары анықталды. Бала анасынан алынып, мамандандырылған мекемеге орналастырылды.Қазір осы факт бойынша кәмелетке толмағандарға қатыгездікпен қарауға байланысты ата-анасының кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Бұл жағдай Қостанай облысының прокуратурасының "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыруы аясында анықталған. Жоба шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында өмірлік қиын жағдайда тұратын, қауіп төнген немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың құқықтарын бұзу фактілеріне жедел ден қоюдың мобильді топтары құрылды.Биылғы жылдың 1 тоқсанда мемлекеттік органдар кіретін прокурорлардың мобильдік топтары 269 отбасын тексеріп, олардың 96-сы әлеуметтік-құқықтық көмек алды.
https://sputnik.kz/20250408/temirtauda-zeynetkerdi-uryp-soqqandar-qamauga-alyndy---kudikti-retinde-9-adam-tanylgan-52298915.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/02/43378609_125:0:2856:2048_1920x0_80_0_0_9fa53b8728033af34275007cfe47139b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, ұрып-соғу
Қостанай облысында әйел адам бір жарым жастағы баласын ұрып-соққан
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қостанай қаласында әйел адамның бір жарым жастағы өз баласына қатыгездікпен қарау фактісі анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Баланы тексеру кезінде көптеген дене жарақаттары анықталды. Бала анасынан алынып, мамандандырылған мекемеге орналастырылды.
Қазір осы факт бойынша кәмелетке толмағандарға қатыгездікпен қарауға байланысты ата-анасының кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұл жағдай Қостанай облысының прокуратурасының "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыруы аясында анықталған. Жоба шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында өмірлік қиын жағдайда тұратын, қауіп төнген немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың құқықтарын бұзу фактілеріне жедел ден қоюдың мобильді топтары құрылды.
Биылғы жылдың 1 тоқсанда мемлекеттік органдар кіретін прокурорлардың мобильдік топтары 269 отбасын тексеріп, олардың 96-сы әлеуметтік-құқықтық көмек алды.