Баласын ұрған павлодарлыққа әкімшілік іс қозғалды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2024
Жазылу
Көпқабатты үйдің кіреберісінде болған оқиға бейнекамераға түсіп қалған
АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Павлодарда туған қызын ұрған әкеге қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 шілдеде ер адамның баланы ұрғанын полицияға тұрғындар хабарлаған. Айтуларынша, жеткіншек қызды әкесі ұрған.
"Оқиға болған мекенжайға қорғаншылық органдары мен мектептің қызметкерлері бірден шақырылды. Талқылау барысында заңды өкілі, яғни анасы жұбайының үстінен арыз жазудан және одан әрі талқылаудан бас тартты. Қызды ұрған кезде әкесі сау болған", - дейді ведомство.
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін әкесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2 тамызда материал сотқа жіберілдген.
"Ер адамға қатысты кәмелетке толмағанның қауіпсіздігі мақсатында 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды. Ол профилактикалық есепке алынды", - дейді полиция.
Еске сала кетейік, көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде жеткіншек қызды әкесінің ұрғаны бейнекамераға түсіп қалған. Оқиға әлеуметтік желіде тарады.
Жаңалықтар
0