Руслан Берденов жұмыстан кеткісі келіп жүр – Шымкент әкімдігі

Руслан Берденов
Руслан Берденов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Жазылу
Ол кісі ресми түрде еңбекке жарамсыздық қағазын аштырған, емделіп жатыр, дейді әкімдік өкілі
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Руслан Берденов жұмыстан кеткісі келіп жүр. Бұл туралы әкімнің ресми өкілі Сәрсен Құранбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін қалада өткен брифинг кезінде журналистер Руслан Берденов жұмыстан кеткенін я кетпегенін сұрады. Құранбектің айтуынша, Берденовтың жұмыстан кетуі туралы бұйрық шыққан жоқ.
"Ол кісі ресми түрде еңбекке жарамсыздық қағазын аштырған, емделіп жатыр. Әлі күнге әкімдіктің құрамында. Бірақ біздің білуімізше, Руслан Берденов бұдан былай әкімдіктегі жұмысын доғарғысы келетін болса керек. Ондай болса, өтінішін жаза жатар. Ол - әркімінің өз таңдауы, өзінің еркі. Денсаулығымен айналысамын деп шешкен болуы керек. Бірақ ресми түрде бұйрық шықпайынша біз ол кісіні қала әкімінің орынбасары деп есептейміз", - деді Құранбек бүгінгі брифингте.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті.
20 тамызда оны атқан Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Руслан Берденов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Берденов қызметінен босатылды ма - Шымкент әкімдігі түсініктеме берді
Жаңалықтар
0