Жасөспірімдер чемпионатындағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФутбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
Тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Шымкентте футболдан жасөспірімдер арасындағы чемпионатта болған жапай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Шымкентте өткен футбол чемпионатында болған төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, чемпионат "Биік" кешенінде өткен.
"Топтық жанжал фактісі бойынша Шымкент қаласының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, полицияға жеткізілді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Полицияның айтуынша, полиция мен медициналық мекемелерге ешқандай хабарлама түспеген.
Еске сала кетейік, Шымкентте жасөспірімдер арасындағы чемпионатта "Тұран" және "Екібастұз" командаларының ойыны кезінде жаппай төбелес болды. Төбелескен - 2011 жылғы жасөспірімдер. Олар - футбол орталықтары мен академияларының ойыншылары.
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Батыс Қазақстанда аудан әкімдігінде төбелес болды: бір адам жансақтау бөліміне түсті
Жаңалықтар
0