Шымкенттегі төбелес: кінәлілер футболдан өмір бойына шеттетілуі мүмкін

© Pixabay / Andy03Футбольный мяч
Футбольный мяч - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2025
Жазылу
Төрешілердің хаттамалары мен бейнежазбалар ҚФФ-ның бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне тапсырылды
АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Шымкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы чемпионатта "Тұран" және "Екібастұз" командаларының ойыны кезінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.
Төбелескен - 2011 жылғы жасөспірімдер. Олар - футбол орталықтары мен академияларының ойыншылары.
"Мұндай әрекет спорт құндылықтарына және футбол қағидаттарына мүлдем сай келмейді. Футбол – құрметке, әділ бәсекеге және Fair Play қағидаттарына негізделген ойын. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер көрсеткен кез келген агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттері спорттық этиканы, адами құндылықтарды өрескел бұзу деп саналады", - дейді федерациядағылар.
Төрешілердің хаттамалары мен бейнежазбалар ҚФФ-ның бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне тапсырылды. Осыған байланысты отырыс келесі аптада өтеді.
"Барлық кінәлі адамды футболдан өмір бойына шеттетуге дейін қатаң жаза қолданылады. ҚФФ мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін қатаң ескертеді. Әркім алаңда, оның сыртында регламентті, тәртіп ережелерін және этикалық нормаларды сақтауы тиіс", - дейді ведомстводағылар.
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Батыс Қазақстанда аудан әкімдігінде төбелес болды: бір адам жансақтау бөліміне түсті
Жаңалықтар
0