Батыс Қазақстанда аудан әкімдігінде төбелес болды: бір адам жансақтау бөліміне түсті

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жазылу
Күзетші мен танысы төбелесіп, бірі ауыр жағдайда аурухана жеткізілген
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының әкімдігінде төбелес болып, бір адам жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 14 наурыздан 15 наурызға қараған түні, демалыс күні болған. Сол түні жұмысқа түскен күзетші таныстарын шақырып, әкімдік ғимаратында ішімдік ішіп, тойлаған. Оқиғаны облыстық әкімдік те, Сырым аудандық әкімдігі де растап отыр. Айтуларынша, бұл оқиғаға мемлекеттік қызметкерлердің еш қатысы жоқ.
Күзетші мен танысы төбелесіп, бірі ауыр жағдайда аурухана жеткізілген.
"Сағат 11.20-да полиция қызметкерлері Сырым аудандық ауруханасына жеткізген. Басынан ауыр жарақат алған. Ауруханада шұғыл ота жасалды. Облыс орталығынан санавиация шақыртылды. Жағдайы ауыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетері, ауруханаға түскен азаматтың жасы 44-те.
"Сырым ауданы тұрғынының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның барлық қатысушысы мен куәгерлер анықталып, жауап алынған.
Жарақат алған адам күзетшінің танысы болған.
Әкімдіктің айтуынша, жұмыс орнында төбелес шығарған күзетші "MINNUR KUZET" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы. Серіктестік басшысы Минұр Сембиев қандай да бір уәж айтудан түбегейлі бас тартты.
Жаңалықтар
0