"Қазақстан халқына" қорын жиі тексереді ме - үкімет жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Жазылу
Бозымбаевтың айтуынша, бұл ұйым Қазақстандағы ең ашық қор болып саналады
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев "Қазақстан халқына" қорының ашықтығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер қорды қалай тексеріп тұратынын сұрады. Бозымбаевтың айтуынша, бұл ұйым Қазақстандағы ең ашық қор болып саналады.
"Ол жерде жыл сайын аудит жүргізіледі. Білуімше, Big 4-дан (әлемдегі аудиторлық компаниялардың "үлкен төрттігі" - Sputnik) мамандарды шақырып тұрады. Олар үнемі тексеріп тұрады. Бұдан бөлек, директорлар кеңесі бар. Оған донор-компаниялардың өкілдері кіреді. Олар да ақшаны ұрлады ма, ұрламады ма, дұрыс пайдаланды ма, жоқ па, соның бәрін бақылап отырады", - деді Бозымбаев.
Осы орайда премьер-министрдің орынбасары былтыр су тасқынынан кейін "Қазақстан халқына" қорының есебінен бірнеше өңірде баспана салынғанын да еске салды.
"Қордың сайтына кіріп қарасаңыз, барлық есеп жарияланып тұрады", - деді Бозымбаев.
Айта кетері, “Қазақстан халқына” қорының есебінен жыл сайын гранттар да бөлінеді. Биылдан бастап 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ата-анасынан айырылған және жарақат алған балалар да тегін оқи алады.
Балдаурен лагері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
"Қазақстан халқына" қоры 10 мың балаға жазғы демалыс сыйлады
Жаңалықтар
0