https://sputnik.kz/20250731/qantar-oqigasy-kezinde-ata-anasynan-ayyrylgan-balalar-universitette-tegin-oqidy-56066503.html
Қаңтар оқиғасы кезінде ата-анасынан айырылған балалар университетте тегін оқиды
Қаңтар оқиғасы кезінде ата-анасынан айырылған балалар университетте тегін оқиды
Sputnik Қазақстан
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры жаңа оқу жылына 500 грант бөлді 31.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-31T09:55+0500
2025-07-31T09:55+0500
2025-07-31T09:55+0500
қаңтар оқиғасы
жоғары білім алу
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23062991_0:0:3635:2046_1920x0_80_0_0_eb8b7795715067b935e0c3e3d9585456.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде ата-анасынан айырылған және жарақат алған балалар тегін оқиды. Бұл туралы Ғылым және білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Бағдарлама шарты негізінде білім беру грантына мынадай санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:Айта кетейік, бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.Білім беру гранты бір реттік тәртіппен атаулы грант негізінде ұсынылады. Бұл грант жоғары білімі бар тұлғаларға, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен "бакалавр" дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранты тағайындалған тұлғаларға екінші жоғары білім алуға және онлайн-оқуға берілмейді.ЖОО тізімі, грант саны және іске асыру жоспары бойынша толық мағлұматпен "Қазақстан халқына" ҚҚ ресми сайтында (qazaqstanhalqyna.kz) таныса аласыздар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23062991_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_8e426f6c6e88ced1602e778f40dea2fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар оқиғасы, жоғары білім алу
қаңтар оқиғасы, жоғары білім алу
Қаңтар оқиғасы кезінде ата-анасынан айырылған балалар университетте тегін оқиды
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры жаңа оқу жылына 500 грант бөлді
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде ата-анасынан айырылған және жарақат алған балалар тегін оқиды. Бұл туралы Ғылым және білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"2025-2026 оқу жылында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры "Қазақстан халқына" ҚҚ Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді", - деп жазылған хабарламада.
Бағдарлама шарты негізінде білім беру грантына мынадай санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:
ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар;
жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
мүгедектігі бар азаматтар;
мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жарақат алған балалар.
Айта кетейік, бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Білім беру гранты бір реттік тәртіппен атаулы грант негізінде ұсынылады. Бұл грант жоғары білімі бар тұлғаларға, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен "бакалавр" дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранты тағайындалған тұлғаларға екінші жоғары білім алуға және онлайн-оқуға берілмейді.
ЖОО тізімі, грант саны және іске асыру жоспары бойынша толық мағлұматпен "Қазақстан халқына" ҚҚ ресми сайтында (qazaqstanhalqyna.kz) таныса аласыздар.