"Қазақстан халқына" қоры 10 мың балаға жазғы демалыс сыйлады

© Photo : Қостанай облысының әкімдігіБалдаурен лагері
Балдаурен лагері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь кезең-кезеңімен ашылады деп жоспарлануда
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. ​2025 жылғы жаз мезгілінде еліміз бойынша 3,1 миллионнан астам бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Оның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысын тегін өткізу мүмкіндігіне ие болады.
Жазғы демалыс бағдарламасы әртүрлі бағыттарды қамтиды және барлық ұйымдастыру шарасы 9 мемлекеттік органның қатысуымен әзірленген бірыңғай жоспар аясында іске асырылады. Осы мақсатта республикалық және өңірлік деңгейдегі штабтар құрылып, биыл жұмысын бастайтын демалыс орталықтарының тізімі жасақталды.
"Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, оның ішінде бірқатарында тамақтандыру қарастырылған, сондай-ақ 512 шатырлы және киіз үй лагерлері кезең-кезеңімен ашылады деп жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Санитарлық талаптардың сақталуы, тағам қауіпсіздігі, сондай-ақ су айдындарында, ормандар мен спорт нысандарында сақтық шаралары қатаң бақылауда болады.
Тонометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2024
"Қазақстан халқына" қоры қайырымдылық жобаларына үш жылда 230 млрд теңге бөлді
Жаңалықтар
0