Астана ауруханаларында дәрігерлерді қорғайтын полиция бекеттері қойылды

Дәрігерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
Полиция қызметкерлері оқыс оқиғалар жиі болатын қабылдау бөлмелерінде кезекшілік қызметін атқаратын болады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Астананың алты ауруханасында тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеті қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Пациенттермен бірге келетін адамдардың медициналық персоналға шабуыл жасау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты осындай шешім қабылданды. Дәрігерлерді полиция департаменті жанындағы мамандандырылған күзет қызметінің мамандары қорғайды.
"Полиция қызметкерлері оқыс оқиғалар жиі болатын қабылдау бөлмелерінде кезекшілік қызметін атқаратын болады. Азаматтардың құқыққа қайшы келетін әрекеттері туындаған жағдайда полиция заң аясында әрекет етуге құқылы. Бүгінде күзет бекеттері ересектерге арналған үш қалалық көпсалалы ауруханада, №2 қалалық балалар ауруханасында және екі республикалық клиникада ұйымдастырылды", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қадыр Жарасбаев.
Жақын арада №1 және №3 көпсалалы балалар ауруханаларында, сондай-ақ қалалық перинаталдық орталықта тура сондай күзет бекеттері қойылады.
"Қабылдау бөлімінде тәулігіне түрлі жарақаттары бар, әртүрлі жағдайды басынан өткерген 400-ге жуық адам жүгінеді. Біз пациенттердің ғана емес, сонымен қатар олардың туыстарының да агрессиясына тап боламыз. Барлығы шұғыл көмекті қажет етеді, ал медициналық көмек Triage сұрыптау жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Әр пациенттің өзіндік "басымдық дәрежесі" бар. Бірақ оны көбісі түсінбейді", – деп атап көрсетті №2 көпсалалы қалалық аурухананың Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мәдина Табылдықызы.
Айта кетері, Қостанайда болған оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.
Дәрігерлерге қол көтергендер қалай жазаланады - үкімет негізгі өзгерісті жариялады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Жаңалықтар
0