https://sputnik.kz/20250723/toqaev-darigerlerge-shabuyl-zhasagany-ushin-zhazany-kusheytudi-tapsyrdy-55858001.html
Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны күшейтуді тапсырды
Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны күшейтуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Президент үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды 23.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-23T10:17+0500
2025-07-23T10:17+0500
2025-07-23T10:40+0500
қасым-жомарт тоқаев
дәрігер
медицина
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0d/17040240_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_e2296b4aa67f6e906dc27a3542be089c.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Тоқаев медицина қызметкерлеріне қарсы күш қолдану және қатыгездік таныту әрекеттері үшін жазаны қатаңдатуға қатысты депутаттар, денсаулық сақтау саласы өкілдері мен белсенді азаматтардың ұсынысын қолдап отыр. Ал мұндай келеңсіздіктерге "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек. Айта кетері, өткен аптада екі бірдей медицина қызметкеріне шабуыл жасалды. Қостанай облыстық ауруханасында кезекте тұрған бір пациент кенеттен ашуға бой алдырып, хирургты бір ұрған. 33 жастағы дәрігер есінен танып қалып, жансақтау бөліміне түсті. Ал Қарағанды облысында маммологиялық орталықтың медбикесі зардап шекті. Әйелімен бірге келген 42 жастағы ер адам белгісіз себеппен қызметтік бөлменің есігін бұзып кіріп, медицина қызметкерін соққыға жыққан.
https://sputnik.kz/20250718/qostanay-aurukhanasynda-soqqyga-zhygylgan-dariger-sanaviatsiya-bortymen-astanaga-zhetkizildi-55764743.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0d/17040240_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_a9f12dddc351c68d3681c1d71c786b55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, дәрігер, медицина
қасым-жомарт тоқаев, дәрігер, медицина
Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны күшейтуді тапсырды
10:17 23.07.2025 (жаңартылды: 10:40 23.07.2025) Президент үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Тоқаев медицина қызметкерлеріне қарсы күш қолдану және қатыгездік таныту әрекеттері үшін жазаны қатаңдатуға қатысты депутаттар, денсаулық сақтау саласы өкілдері мен белсенді азаматтардың ұсынысын қолдап отыр.
Ал мұндай келеңсіздіктерге "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.
"Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады", - деп жазды Желдібай әлеуметтік желіде.
Айта кетері, өткен аптада екі бірдей медицина қызметкеріне шабуыл жасалды. Қостанай облыстық ауруханасында кезекте тұрған бір пациент кенеттен ашуға бой алдырып, хирургты бір ұрған. 33 жастағы дәрігер есінен танып қалып, жансақтау бөліміне түсті.
Ал Қарағанды облысында маммологиялық орталықтың медбикесі зардап шекті. Әйелімен бірге келген 42 жастағы ер адам белгісіз себеппен қызметтік бөлменің есігін бұзып кіріп, медицина қызметкерін соққыға жыққан.