https://sputnik.kz/20250724/darigerlerge-qol-kotergender-qalay-zhazalanady---ukimet-negizgi-ozgeristi-zhariyalady--55886623.html
Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін президент медицина қызметкерлеріне қол көтеретіндерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын 24.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-24T10:24+0500
2025-07-24T10:24+0500
2025-07-24T10:43+0500
дәрігер
шабуыл
жаза
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1a/45888210_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f4b4446836cc949144d9cf26d2c9864d.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Үкіметте дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін қылмыстық жаза қалай өзгеретіні айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін президент медицина қызметкерлеріне қол көтеретіндерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Қылмыстық кодекске бөлек бір бап енгізіледі. Онда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл үшін нақты жаза көрсетіледі:
https://sputnik.kz/20250723/toqaev-darigerlerge-shabuyl-zhasagany-ushin-zhazany-kusheytudi-tapsyrdy-55858001.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1a/45888210_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_f60b8950e5211372516d4941cd7c3ecb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, шабуыл, жаза
Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
10:24 24.07.2025 (жаңартылды: 10:43 24.07.2025) Бұған дейін президент медицина қызметкерлеріне қол көтеретіндерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Үкіметте дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін қылмыстық жаза қалай өзгеретіні айтылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент медицина қызметкерлеріне қол көтеретіндерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын.
"Қазіргі кезде депутаттармен бірге заңнамалық өзгерістердің пакетін дайындап қойдық. Бұдан былай медицина қызметкеріне жасалған шабуыл құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыс барысында жасалған шабуылмен бірдей болуы керек. Меніңше, солай әділ болады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев үкіметте өткен брифингте.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Қылмыстық кодекске бөлек бір бап енгізіледі. Онда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл үшін нақты жаза көрсетіледі:
медцина қызметкерін қорқыту мен оған қоқан-лоқы көрсету - 2 жылға бас бостандығын шектеу;
бір медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 2-7 жылға бас бостандығынан айыру;
төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін;
бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 15 жылға бас бостандығынан айыру.