https://sputnik.kz/20250703/deputattar-synga-algan-kompaniyanyn-zhana-basshysy-tagayyndaldy-55333018.html
Депутаттар сынға алған компанияның жаңа басшысы тағайындалды
Депутаттар сынға алған компанияның жаңа басшысы тағайындалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда дәрі-дәрмекке жауапты "СҚ-Фармация" ЖШС жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау... 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T13:06+0500
2025-07-03T13:06+0500
2025-07-03T13:10+0500
депутаттар
депутаттық сауал
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55331487_0:5:739:421_1920x0_80_0_0_c7ed0e5bb17b3fc21a5b8c854ffb5a0a.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда дәрі-дәрмекке жауапты "СҚ-Фармация" ЖШС жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Компанияның басқарма төрағасы қызметіне Нұрлыбек Асылбеков келді. Бұған дейін ол Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасын басқарды.59 жастағы Нұрлыбек Асылбековтың провизор, заңгер мен экономист мамандықтары бойынша үш дипломы бар. Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының "Фармация" АҚ-да провизор-технолог және бас маман болып бастаған.2002-2020 жылдары фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы және Астана қаласы бойынша басқармалары мен департаменттерін басқарды. Сол екі арада денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы да болды. Содан кейін әр жылдары Астана қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитетінде, тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарды.Сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.Айта кетері, "СҚ-Фармация" ЖШС дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор, яғни, тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмекті сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай оператор болып саналады. Бірақ оның жұмысы көңіл көншітпейді. Басшылары да жиі ауысады. Соңғы төрағаның құзіреті мерзімінен бұрын тоқтатылды. Себебі жоғары аудиторлық палата мен антикордың тексерісінен көптеген кемшілік анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55331487_64:0:676:459_1920x0_80_0_0_30dc6fe689b4cf6a0aa8af02a5b6a84c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттар, депутаттық сауал
депутаттар, депутаттық сауал
Депутаттар сынға алған компанияның жаңа басшысы тағайындалды
13:06 03.07.2025 (жаңартылды: 13:10 03.07.2025) АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда дәрі-дәрмекке жауапты "СҚ-Фармация" ЖШС жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне
сілтеме жасап.
Компанияның басқарма төрағасы қызметіне Нұрлыбек Асылбеков келді. Бұған дейін ол Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
59 жастағы Нұрлыбек Асылбековтың провизор, заңгер мен экономист мамандықтары бойынша үш дипломы бар. Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының "Фармация" АҚ-да провизор-технолог және бас маман болып бастаған.
2002-2020 жылдары фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы және Астана қаласы бойынша басқармалары мен департаменттерін басқарды. Сол екі арада денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы да болды.
Содан кейін әр жылдары Астана қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитетінде, тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарды.
Сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Айта кетері, "СҚ-Фармация" ЖШС дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор, яғни, тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмекті сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай оператор болып саналады.
Бірақ оның жұмысы
көңіл көншітпейді. Басшылары да жиі ауысады. Соңғы төрағаның құзіреті
мерзімінен бұрын тоқтатылды. Себебі жоғары аудиторлық палата мен антикордың тексерісінен көптеген кемшілік анықталды.