https://sputnik.kz/20250122/dari-darmek-bagasyn-koterip-otyrgan-kim--agenttik-taldaudyn-natizhesin-zhariyalady-50203648.html
Дәрі-дәрмек бағасын көтеріп отырған кім – агенттік талдау нәтижесін жариялады
Дәрі-дәрмек бағасын көтеріп отырған кім – агенттік талдау нәтижесін жариялады
Sputnik Қазақстан
Шекті бағаларды енгізудің қолданыстағы әдістемесі дәрі-дәрмектердің бағасын жасанды түрде көтеруге мүмкіндік береді 22.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-22T18:56+0500
2025-01-22T18:56+0500
2025-01-22T19:10+0500
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44597103_0:9:3072:1737_1920x0_80_0_0_40d109930f8912789c94ff9661b56199.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дәрі-дәрмектердің көтерме нарығын талдау барысында препараттар бағасының айтарлықтай өсуіне ықпал ететін мәселелерді анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің кемшіліктері және оның қарамағындағы ұйымдардың жұмысындағы олқылықтар жол ашып отыр.Бұдан бөлек, Ұлттық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сараптамасы орталығы" мемлекеттік кәсіпорны да өз қызметін дұрыс атқармай жатыр. Орталық көрші елдердегі дәрі-дәрмек бағаларын үстірт салыстыра салады және тек өтініш берушілердің берген мәліметтерін пайдаланады.Дәрі-дәрмектерді жеткізу рәсімдерінің шикілігі және "СҚ-Фармация" ЖШС өндірушілерден тікелей дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша жеткіліксіз бағытталуы да бюджеттік қаражаттардың ұлғаюына алып келеді. "СҚ-Фармация" ЖШС да баға бәсекелестігін қолдауға мүдделі болмай отыр. Оның да өзіндік себебі бар."Себебі оның пайдасы сатып алынған дәрі-дәрмектердің құнынан 5%-дан 7%-ға дейінгі үстемеақы арқылы қалыптасады. Бұл дегеніміз, дәрі-дәрмектің бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым біріңғай дистрибьютор көбірек пайда табады", - делінген талдау қорытындысында.Осы тәуекелдерді алдын алу үшін денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне ықпал ететін себептерді жою бойынша шара қабылдау туралы ұсынымдар жіберілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44597103_257:0:2988:2048_1920x0_80_0_0_13a85572106b7d8f79df99bb321c7bb8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек бағасын көтеріп отырған кім – агенттік талдау нәтижесін жариялады
18:56 22.01.2025 (жаңартылды: 19:10 22.01.2025) Шекті бағаларды енгізудің қолданыстағы әдістемесі дәрі-дәрмектердің бағасын жасанды түрде көтеруге мүмкіндік береді
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дәрі-дәрмектердің көтерме нарығын талдау барысында препараттар бағасының айтарлықтай өсуіне ықпал ететін мәселелерді анықтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуіне денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің кемшіліктері және оның қарамағындағы ұйымдардың жұмысындағы олқылықтар жол ашып отыр.
"Мәселен, шекті бағаларды енгізудің қолданыстағы әдістемесі дәрі-дәрмектердің бағасын жасанды түрде көтеруге мүмкіндік береді. Ал халықаралық тәжірибеде ондай дәрілер 30%-дан астам төмен бағамен сатылады", - дейді агенттік мамандары.
Бұдан бөлек, Ұлттық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сараптамасы орталығы" мемлекеттік кәсіпорны да өз қызметін дұрыс атқармай жатыр. Орталық көрші елдердегі дәрі-дәрмек бағаларын үстірт салыстыра салады және тек өтініш берушілердің берген мәліметтерін пайдаланады.
Дәрі-дәрмектерді жеткізу рәсімдерінің шикілігі және "СҚ-Фармация" ЖШС өндірушілерден тікелей дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша жеткіліксіз бағытталуы да бюджеттік қаражаттардың ұлғаюына алып келеді. "СҚ-Фармация" ЖШС да баға бәсекелестігін қолдауға мүдделі болмай отыр. Оның да өзіндік себебі бар.
"Себебі оның пайдасы сатып алынған дәрі-дәрмектердің құнынан 5%-дан 7%-ға дейінгі үстемеақы арқылы қалыптасады. Бұл дегеніміз, дәрі-дәрмектің бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым біріңғай дистрибьютор көбірек пайда табады", - делінген талдау қорытындысында.
Осы тәуекелдерді алдын алу үшін денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне ықпал ететін себептерді жою бойынша шара қабылдау туралы ұсынымдар жіберілді.