Антикор мен аудиторлық палатаның тексерісінен кейін кімдер жұмыстан кетті – министр жауабы

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
Жақында Жоғары аудиторлық палата халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жауапты "СК-Фармация" ЖШС-ның қызметін тексерді
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жоғары аудиторлық палата мен антикордың тексерісінен кейін кімдер жұмыстан босатылғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер денсаулық саөтау саласында анықталған заң бұзушылықтар үшін кімнің жауапқа тартылғанын сұрады. Министр бұл ақпаратты нақтылап, артынан жариялауды сұрады. Бірақ тілшілер басқа әдісті қолданды. Олар бірнеше шенеуніктің атын атап, олардың жұмыстан кеткенін, я кетпегенін растауды сұрады. Атап айтқанда, Еркен Дәуітбаев, Нұрлан Ысқақов пен Сәуле Ержанова жұмыстан босатылды деген ақпарат бар.
"Иә, осы адамдар. Біреулермен еңбек келісімшарты тоқталды, біреулер өз еркімен жұмыстан кетті, енді біреулер басқа жұмысқа ауысып кетті. "СК-Фармация" компаниясы төрағасының құзіреті мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын", - деді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.
Осы орайда журналистер мемлекетке келген шығынды кімдер және қалай қайтаратынын да сұрады. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде барлық материал ішкі істер органдарына тапсырылды.
"Жоғары аудиторлық палатаның материалдары да, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің материалдары да ішкі істер органдарына жіберілді. Біз де өз ішімізде бірнеше қызметтік тексеріс өткіздік. Соның материалдары да тиісті органдарға тапсырылды. Олар шешім қабылдайды", - деп атап көрсетті Әлназарова.
Айта кетері, жақында Жоғары аудиторлық палата халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жауапты "СК-Фармация" ЖШС-ның қызметін тексерді. Оған сәйкес, 279,5 млн теңгенің препараттары жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты тұрып қалған, кейін бір бөлігі есептен шығарылған. Сондай-ақ тіркелген аналогтары болса да, 3 млрд теңгенің дәрісі бір көзден сатып алынған.
Лекарства, таблетки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2024
Құны 280 миллион теңге болатын дәрі-дәрмек қолданыстан шығарылды
Жаңалықтар
0